/

Ғаламтор шекарамен шектелмейді

529 рет қаралды

Өткен аптада Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік униерситетінде келісті кездесу өтті. «Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының” шақыруымен барған Abai.kz ұжымы болашақ қаламгерлермен жүздесіп, «интернет журналистика» төңірегінде ой бөлісті. Белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы ұстазадық ететін ұжыммен кездесу «сұрақ-жауап» түрінде өрбіді. Өздерін мазалаған сұрақтарды ірікпей бөліскен шәкірттер бүгінгі қазақ журналистикасына бейжай қарай алмайтынын аңғартты. Әсіресе дәстүрлі қазақ журналистикасы мен жаңа медианың тоқайласатын тұстарына келгенде әртүрлі таласты пікірлер айтылды. Бұл мәселе төңірегінде «Абай» порталының бас редакторы Дәурен Қуат мырза қазіргі қазақтілді сайттардың қазақ баспасөзінде қалыптасқан әуелгі дәстүрді сақтай отырып, жаңа медиа талаптарына жауап беруге тырсатындығын жеткізді. Журналист Өміржан Әбдіхалықұлы интернет журналистиканың мазмұнына тоқтала келіп, «Абай» порталының оқырмандары негізінен өзіндік көзқарасы қалыптасқан, зиялы, кез келген ұлттық мәселеге үн қатып отыратын азаматтар екендігін тілге тиек етті. Ғаламтордың шекарамен шектелмейтіндігін, сондықтан қазақ ғаламторы, интернет журналистикасы әлемдегі бар қазақтың басын қосуға қызмет жасау керектігін айтқан журналист Біләл Қуаныш қазақ сайттарындағы әліпби мәселесіне де назар аударды.

Айта кетерлігі аталмыш университет «оқу орының қайсы десе, мынау» дейтіндей өте еңселі, әсем безендірілген екен. Әсіресе шәкірттердің өздерін еркін сезінуі, білім құмарлығы тәуелсіз Қазақстанның болашақ тізгін ұстарлары біз дегенді аңғартқандай.
PS. Аталған оқу орыны студенттерге екі тілде: қазақ және ағылшын тілінде дәріс оқиды екен. Биылғы оқу жылында кейбір талапкерлер мен олардың ата-аналарының тарапынан «Дәріс орыс тілінде оқытылсын» деген ұсыныс болған көрінеді. Оларға университет ректоры Мухаммет Акдиш: «Орысша оқығыларың келсе, Ресейге барыңдар» деп жауап беріпті. Міне, азамат!

abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі