/

Дархан даласының саумал самалы

1429 рет қаралды

gjӨзінің алмастай жарқылдаған жалынды жырларымен жырсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, қазіргі қазақ әдебиетінің нар тұлғасына айналған ақиық ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин алтын медалінің иегері Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ ағамыздың «Тобылғыжарған» атты жыр жинағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанын естідім осы «Фейсбуктан». Несі бар, жағымды жаңалық, қуанып қалдым! Себебі, қай жағынан алып қарасаңыз да, ақын ағамыздың шығармашылығы Мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық! 

Біз алғаш Ғалым ағамызбен жырлары арқылы таныстық. Студент кезімізде (біздің буын) «Күршімнің қызы» сияқты өлеңдерін т жаттап алып, айтып жүретінбіз. Сол өлең арқылы сол Күршімнің қызына біз де ғашық болып қалғанбыз!.. Танысқымыз келген, көргіміз келіп, ынтықтық жеңген де кездер болған. Міне, қаламның құдіреті, өлеңнің ғажайыбы осындай-ақ болар!..
Жырларынан қазақтың дархан даласының саумал самалы еседі, домбыраның қос ішегінен төгілгендей қоңыр үн құлағыңа майдай жағып, жүрегіңе от, жаныңа қуат береді, ерекше көңіл күй сыйлап, рухани ләззатқа батырады.
Ешкімше ұқсамайтын өзіндік үні, дара қолтаңбасы бар, жүз ақынның ішінен дарынды шайырдың өлеңін жазбай тануға болады. Көркем тіл, бейнелі сурет, айшықты образ, астарлы ой, сырлы сезім, жаныңды баурап алар тылсымдық, тұла бойыңды тебірентер ғаламат күш, жүрегіңе сәуле құяр жылылық бар жырларында…
Әр жазған жаңа шығармасынан жаңалық көремін. Керек десеңіз, әр жазған шығармасы құбылысқа айналып келеді. Оған мысалды алыстан, сонау әріден іздеудің керегі жоқ! Кеше ғана дүниені дүбірлетіп өткен «ҚАРА ОРАМАЛ» атты классикалық поэмасы анық дәлел. Тінін талдамай-ақ қояйын, оны өздеріңіз де біліп отырған шығарсыздар, «Қара орамал» деген атының өзі-ақ көп нәрседен хабар беріп тұрған жоқ па?! Тіпті талантты ақынымызға Мемлекеттік сыйлықты осы поэмасы үшін-ақ бере салуға болар еді!..
Ғалым Жайлыбай туралы небір аузымен құс тістеген әдебиет жүйріктері жылы пікірлер айтты, әлі де талмай айтып келеді… Құдай бұйыртса, айта да береді… Сыйлықтан да, атақ-абыройдан да кенде емес!.. Небір дүбірлі бәйгелерден Құлагердей дара шауып келген, Бас бәйгені шаппай алған кездері де бар… Ендеше, бұл жолы да Мемлекеттік сыйлықты қанжығасына байлауына шын жүрегіммен тілектеспін!
Биылғы жылы Астанадағы «Фолиант» баспасы Ғалым Жайлыбайдың үш томдық шығармалар жинағын шығаруды қолға алып жатыр. Құдай бұйыртса, ол күнді де көрерміз, сол күнге де жетерміз!
Ақын ағамызды бұнымен тоқтап, тоқырап, сарқылып, қалады деп ойламаймын! Өйткені, біз білетін Ғалым Жайлыбайдың әдеби әлеулеті күшті, әдеби білім-білігі мол, багажы үлкен!..
Ендеше басына амандық, шығармашылығына өрлеу тілеймін!..

Думан Рамазан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері