///

Ұлықбек Есдәулет: Жылқы жылы…

1717 рет қаралды
ат пен балақыл арқаннан қылқынып, бiздiң Қазақ сiлкiнiп,
жылқы жылы шығады жылқыдайын жұлқынып!..
 
ат үстiнде ояу-ды, аттан түстi – қалғыды…
жан-жүрегi қаяулы, запырандай зар-мұңы…
 
ат үстiнде басқан ол бар әлемдi тақымға!
Қасым салған қасқа жол айналды ма тақырға?
аттан түстi – айырылды… ат басындай айбаттан,
қанатынан қайырылды, айырылды қайраттан;
аяқ-қолы маталды, бұғау түстi мойынға,
әзәзiлден от алды, жылан кiрдi қойынға…
жаяу қалып жасыды, еңбектеуге көнбедi,ат пен бала 1
алшы түспей асығы тiзерлеуi жөн бе едi?
ескiрмейтiн дәстүр ол – Еркiндiгi құс кеуде,
Есiм салған ескi жол еске қайта түскенде, –
дүниенi шайқаған көрсетсiн бiр ғажапты,
атқа мiнгiз қайтадан жаяу қалған қазақты!
түпкi атасы түрiкше тұтанып бiр ұмтылсын,
ат пен қазақ бiрiксе бөгет болып кiм тұрсын?!
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі