/

Құрманхан Мұхамәдиұлының туғанына 90 жыл

916 рет қаралды

Құрманхан2014 жылы сәуірдің 30 күні Алматы қаласы, Ғылым ордасы, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтында  Моңғолияның саяси және қоғам қайраткері, жазушы-драматург, аудармашы Құрманхан Мұхамәдиұлының (1924-1964 жж) туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың талантты ұлы, жазушы-драматург Құрмаңхан Мұхамәдиұлы» атты дөңгелек-үстел мәжілісі өтті. Бұл ғылыми іс-шараны Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы мен Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп ұйыдастырды.

Жиынды Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев басқарып отырды. Құрманхан Мұхамәдиұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы, басқару және әкімшілік ғылымдарының докторы, профессор Хабсатар Омарұлы, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл Кәпқызы баяндама жасады.

ҰҒА академигі Мәлікайдар Хантемірұлы Асылбек, сыншы Батай Махабылұлы, қоғам қайраткері Марияш Ноғайқызы, жазушының қызы Лиза Құлманжанқызы қатарлы азаматтар жарыссөзге шығып Құрманхан Мұхамәдиұлының еңбек жолы туралы өздерінің ой-пікірлері мен естеліктерін ортаға салды.

«Өшпейді үнім, өршелене түседі. Шындықтың үні зор» деп өзі айтып кеткендей аз ғұмыр кешсе де артына мол мұра қалдырған асыл азаматтың аты Алматыда жаңғырды.

Мінбер-ақпарат. Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі