///

“Қамшы” порталы “Қазақ хандығына 550 жыл” бәйгесін қорытындылады

1069 рет қаралды

083A4917

  Былтыр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекет көлемінде атап өтеміз” деген мәлімдемесінен кейін, алғашқылардың бірі болып “Қамшы” порталы қазақ қаламгерлері арасында шығармашылық бәйге жариялаған болатын.

Осыған орай, 30-наурызда М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “Қамшы” порталының ұйымдастыруымен “Қазақ хандығына 550 жыл” толуына орай мерекелік қорытынды концерт болып өтті.

Мерекелік концерт барысында оқырмандардың безбеніне түсіп, әділ қазылардың таразысынан електеліп, жүлдегер атанған шығарма авторларына арнайы сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді. Проза бағыты бойынша бәйгенің бас жүлдесін Мұрат Алмасбекұлы мен Ерболат Әбікенұлы өзара бөліссе, поэзия бағыты бойынша бас жүлдені ақын Ықылас Ожайұлы қанжығасына байлады. Ал мақала жазушылар арасында бәйгенің бас жүлдесін ғалым Берекет Кәрібаев мырза иеленді.

083A4628

Шығармалардың сайттағы оқылымы мен пікірлер саны, сондай-ақ, әділ-қазылардың талқысымен мына шығармалар жүлдеге лайық деп табылды:

Проза:

Арнайы жүлде:

Әлібек ЫдырысНұрлан СәдірҚастер Сарқытқан

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Сағадат ОрдашеваҚуанәлі АлмасбекТөкен Әлжантегі

Екінші орын – 100 мың теңге:

Айгүл Кемелбаева, Ербол Бейілхан

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Есболат Айдабосын

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Мұрат АлмасбекұлыЕрболат Әбікенұлы

083A4860

Поэзия:

Арнайы жүлде:

Омар ҚұрмашМарғұлан АқанЖанат Боқаш

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Ретбек МағазСерік МолдабековАлтыншапақ Хаутай

Екінші орын – 100 мың теңге:

Ақтай ӘскерханұлыҰларбек Дәлейұлы

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Төлеген Меллат

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Ықылас Ожай

083A4651

Мақала:

Арнайы жүлде:

Еркебұлан СайрамбайҒабдол ӘуезовАйтиков Әлбек

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Ерболат Қошқарбаев(желілес мақалалар), Бейсенбай Бекжан Кәленұлы(желілес мақалалар),Айткүл Шайымқұлқызы Махаева,

Екінші орын –100 мың теңге:

Есенгүл КәпқызыМұсатаев Сейілбек

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Нәбижан Мұхаметханұлы

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Берекет Кәрібаев

083A4641

Бәйге қатысқан шығармаларға ақын, “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдеш, ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Сағатбек Медеубекұлы, ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Арман Жұмаділов, ақын, ҚазҰУ Журналистика факультетінің ұстазы Мұрат Шаймаран мырзалар әділ қазылық етті.

Бәйгеге қатысқан барлық жүлделі шығармалардың авторларына жүлде қоры 3,5 миллион теңге ақшалай және заттай сыйлықтар мен “Қамшы” порталының символы – “Қамшы” табысталды. Ал, жалпы шараға 6 миллион теңге қаражат жұмсалды. Аталмыш қаржы демеушілердің ықлас-пейілімен “Қазақ хандығының 550 жылдығы” шарасына жиналған-ды.

083A4645

Сондай-ақ, Тәуелсіз “Қамшы-ақпарат” қоғамдық қоры “Қамшы” порталы халықтың сөзін сөйлеп, ісін істеп, ұлтына адал қызмет етіп келе жатқан бір топ азаматтарды “Қазақ хандығына 550 жыл” медалімен марапаттады. Аталмыш марапатқа заңгер Абзал Құспан, Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі, саясаттанушы Айдос Сарым, меценат Бауыржан Оспанов, ОҚО Ішкі саясат басқармасының бастығы Берік Уәли, саясаттанушы Расул Жұмалы, кәсіпкер Мұхтар Тайжан, саясаттанушы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, саясаткер Әміржан Қосанов, мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов, “Жұлдыздар отбасы”, “Аңыз адам” журналдарының Бас редакторы Жарылқап Қалыбай, “Ұлт тағдыры” қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дос Көшім, әнші, “Музарт” тобының мүшесі Сәкен Майғазиев, журналист, 31 арна жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Болат Мүрсәлім, журналист Қасым Аманжол, боксшы Қанат Ислам т.б. азаматтар болды.

083A4764

083A4661

“Қамшы” порталы ұйымдастырған мерекелік кешке Қазақстанның облыстарынан өзге АҚШ, Моңғолия және ҚХР-дан қандастарымыз келіп қатысты.

Мерекелік кештің құрметті қонақтарының қатарында мұхиттың арғы жағынан қазақтың абыройын асқақтатып жүрген, қазақтың Қанаты – Қанат Ислам бауырымыз арнайы келіп қатысты.

“Алаш ұлы” бас болып тізгінін ұстаған мерекелік концертте Рамазан Стамғазиев, Қоңыр тобы, Өмірқұл Айниязов, Жанболат пен Жазира, Тұран этно-фальклорлық ансамблі, Сәулежан Тағзия, Асхат Тарғынов т.б. қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады.

083A4684

Қанат Сіләм, боксшы:

– Құрметті бауырлар, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Біздің қазақ дейтін ата-баларымыздан сөз артылмаған екен ғой. Сол ата-бабаларымыздың әр салада айтып кеткен сөздерін тура шайнап, тура жұтып, кеңірдегімізден өткізе алсақ, бізге басқа біреудің білімінің керегі болмас еді. Біз қазір ас ішіп, аяғымыздан жататын уақыт емес, қазір өзіміздің қазақ үшін қызмет ететін уақыт деген еді, бір бауырым. Сол айтқандай, әркім әр салада өз ұлты үшін, қазақ ұлты үшін аянбай еңбек етсе, біз жеңетініміз сөзсіз. Қазақ хандығының 550 жылдығын емес, 3000 жылдығын тойлайтын күн тусын ағайын.

“Қамшы” порталынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі