//

ТҮРКСОЙ жеңімпаздарды марапаттады

513 рет қаралды

 

03029a97-b856-4527-9ca2-cda0c740fa09Түркияның төрінде – Анкара қаласында Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ штаб-пәтерінде «Халдун Танер жылының» жабылу салтанатты кеші өтті.

Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысымен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдері Мәдениет министрліктерінің қабылдаған шешімі бойынша 2015 жыл – түрік жазушы-драматургы «Халдун Танер жылы» болып бекітілген еді. Биыл түркі дүниесінің түкпір-түкпірінде түрік жазушысына арналған жиындар мен еске алу кештері ұйымдастырылған еді. Соның бірі 2015 жылдың  26-мамырында ТҮРКСОЙ ұйымы Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағымен бірге шығармашылық кеш өткізді.

«Халдун Танер жылының» салтанатты жабылу рәсімінде Еуразия Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Халдун Танер атындағы Халықаралық драматургиялық шығармалардың жабық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.  Аталмыш шараға Түркия Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі Нихат Гүл, Түркия Мемлекеттік театрлардың бас директоры Нежат Бирежик, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлы және тағы басқа түрік зиялы қауым өкілдері қатысты.

Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлының берген мәліметі бойынша «Халдун Танер жылының» аясында өткен жабық бәйгеге 18 елден 109 драматургиялық шығарма қатысты. Солардың ішінде 5 пьеса жеңімпаз болып танылды. Бас жүлдені –Башқортостанның драматургы Мәриям Буракаеваның «Көлеңке» атты пьесасы, бірінші орынды – Қазақстанның драматургы Әкрам Ахметовтың «Махмұт Қашқари» атты пьесасы, екінші орынды – Әзірбайжанның драматургы Афак Месуттың «Халладжы Мансұр» атты пьесасы, үшінші орынды Молдованың (Гагаузия) драматургы Тодур Занеттің «Жүйе» атты пьесасы және Түркіменстанның драматургы Нобатгулы Режепов «Қожанасыр, сен кімсің?» атты пьесасы иеленді.

Халдун Танер атындағы сыйлықтың лауреаттарын құттықтаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов «Халдун Танер жылы» аясында атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндап, келесі жылдың жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, Халдун Танердің тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген «Қызғаншақ кісінің қу әйелі» атты пьеса және әңгімелер жинағының тұсауы кесілді. Кітаптың тұсауын кескен Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев лауреат атанған белгілі драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкрам Ахметовты құттықтап, «Халдун Танер» медалімен марапаттады және Х.Танердің шығармаларын қазақ тіліне аударып құрастырған жазушы Нұрғали Ораз бен Мәлік Отарбаевқа алғыс білдірді.

Айтулы шараның соңында Түркия Театрлар дирекциясының тарихи Кіші театрында Халдун Танердің «Көзімді жұмамын, міндетімді атқарамын» атты спектаклі сахналанды.

“Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қазақстан кинолары Францияда

9-16 желтоқсан аралығында Қазақстандық фильмдер Францияның Париж, Страсбург, сондай-ақ Брюссель (Бельгия) мен Люксембург (Люксембург) қалаларында көрсетіледі.