///

Қазақстан – орысша көп сөйлейтін ел екен! Неге?

1070 рет қаралды

Ресей Федерациясының ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Элеонора Митрофанова ТАСС агенттігіне мынадай сұхбат беріпті.

eleonora_mitrofanova_2010_moscow_unesco
Элеонора Митрофанова. © A.Savin, Wikimedia Commons

Элеонора Митрофанова ханым «орыс тілі – бұрынғы КСРО елдерінде заңдық дәрежеге ие болуы тиіс» деген мәлімдеме жасайды.

«Әлемдегі орыс тілінің жағдайы бойынша бірнеше проблема бар. Жекелей айтсақ, орыс тілінің таяу шетелдердегі проблемасы бірінші планға шығады. Латвия мен Эстониядағы орыс тілінің жағдайы дабыл қағуға тұрарлық. Бұл елдерде халықтың басым бөлігі орысша сөйлейді, бірақ бұл заңдық деңгейде көрсетілмеген. Орыс тілі әсіресе білім беру саласында қысымға ұшырауда. Орыс тілін шетелдерде дамыту мақсатында ерекше күш жұмсау қажет. Бұрынғы КСРО елдерінде орыс тіліне заңдық дәреже беру мәселесін өте жоғары деңгейде көтеру қажет. Бұл мәселе сыртқы саясаттың тәртібінен түспеуі тиіс» деген ол.

Оның дерегіне сүйенсек, 2015 жылы ТМД халықтарының саны (Ресейді қоспағанда) 138 миллион адамға жеткен екен. Соның 61 миллионы ғана орыс тілінде емін-еркін сөйлей алса, 36,9 миллионы – нашар, 35,6 миллионы мүлдем білмейтін болған.
Сонымен біз оқырманға қызықты болуы үшін посткеңестік елдердегі орыс тілінің заңдық дәрежесіне бір үңілгенді жөн көріп отырмыз.

Қазақстанда Конституцияның 7-бабы бойынша «қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі – қазақ тілімен тең дәрежеде ресми түрде мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда қолданылатын болады».

Бұл дегеніңіз, орыс тілі – мемлекеттік тіл емес. Бірақ, соның дәрежесінде қолданыла алады дегенді білдіреді.

2007 жылы ақын Мұхтар Шаханов, ғалым  Амангелді Айталы және Ерасыл Әбілқасымовтар Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговқа арнайы сауал жолдап, орыс тілінің қоғамдағы орнын нақтылап беруді өтінген. Игорь Рогов қазақ және орыс тілдерінің тең дәрежеде қолданылатындығын айта отырып, орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл дәрежесі берілмегендігін жеткізген еді. Содан болар, Ресей саясаткерлері орыс тілінің Қазақстан Конституциясындағы дәрежесін нақты әрі айқын емес деп бағалайды.

ТМД бойынша орыс тілінің жағдайы қандай?

1476777525_622Қырғызстан мен Белоруссияның Конституциясында орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл дәрежесі берілген. Алайда, бұл елдерде орыс тілінің дәрежесі өздерінің ұлттық тілдерінің дәрежесінен төмен.

Молдавия, Румыния және Украинаның кейбір әкімшілік аймақтарында орыс тілі басымдыққа ие. Яғни, жекелеген облыстарда немесе аймақтарда ресми деген айдар ала алады.

Тәжікстанда орыс тілі – Конституция бойынша «ұлтаралық қарым-қатынас тілі» статусына ие және ресми түрде заңнаманы дайындау барысында қолданылады.

Өзбекстанда АХАТ (азаматтардың хал актілерін тіркеу) бөлімінде орыс тілін қолдануға рұқсат етілген.

Балтық жағалауы елдері (Латвия, Литва және Эстония) – орыс тілінің ресми статусын баяғыда-ақ жойып тастаған. Онда орыс тілі «ұлттық азшылықтың тілі» саналады. 2012 жылы Литвада орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл статусын беру мақсатында ел тұрғындарының арасында референдум өткізілген. Алайда, ел халқының 25 пайыздайы ғана орыс тілінің ресми статусын қолдаған. Сөйтіп, орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл статусын алу мақсаты жүзеге аспады.

Грузияда 1978 жылдан бері мемлекеттік тіл – грузин тілі болып бекітілген. Қазір де орыс тілінің ресми статусы жоқ. Ондағы жастар орыс тілінен гөрі, ағылшын тілінде сөйлеуді  мақсат етеді.

Foreignpolicy.ru cайты орыс тілінің мәртебесі бойынша ТМД елдерін 3 санатқа бөледі.

Алғашқысына – Белоруссия, Қазақстан, Украина елдері енеді.

Бұл мемлекеттерде орыс тілінің қолданылу аясы 50 пайыздан жоғары. Орыс тілінде білім алуға, қарым-қатынас жасауға және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге кедергі келтірілмейді.

Екінші санатқа орыс тілінде сөйлейтіндердің үлес салмағы – 40 пайызға дейін жететіндер. Олардың қатарында – Қырғызстан мен Молдова бар.

Орыс тілін тұрғындарының 30 пайыздан азы қолданатын үшінші санаттағы елдерге – Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия жатады екен.

Түркіменстанда орыс тілінде телерадио хабарларын таратуға тыйым салынған.

Тіпті орыс тілінде білім беру туралы жарнаманың өзі заңсыз деп есептелінеді. Әзірбайжанда орыс тілінде хабар таратуға екі сағат қана бөлінген.

Ресей орыс тілінің ТМД аумағында кең таралуы үшін арнайы бағдарламалар қабылдап, қомақты қаржы бөлуін жалғастырып келеді. 2011 жылы «Русский язык» бағдарламасы қабылданған. Оған бөлінген қаржының жалпы көлемі — 2 526,66 млн. рубльге жеткен. 2000 жылы орыс тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Ресейдің І президенті Борис Ельцин атындағы қор құрылған. 2007 жылы «Русский мир» қоры ашылды. Олардың негізгі мақсаты – орыс тілінің таралу аймағын кеңейту, оқулықтар дайындау, кітаптар шығару.

Дегенмен, соған қарамастан,

орыс тілінің мәртебесін ТМД деңгейінде ресми дәрежеге жеткізу енді келмеске кеткен сынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері