///

“Маңғыстауды Әзірбайжанның құрамына қосып берейік”

947 рет қаралды

Қазақтан шыққан геолог десе, Сәтпаев қана есімізге оралады. Ал 1961 – 1967, сосын 1974 – 1978 жылдары Қазақстанның Геология министрі болған Шахмардан Есенов туралы естігеніңіз бар ма еді? Сәтпаевтың сүйікті шәкірттерінің бірі. Айтпақшы, Кеңестер Одағында бар-жоғы 33 жасында ең жас министр болған жалғыз шенеунік.

18010857_1857753547831630_2221342846553938175_n
Шаһмардан Есенов

Айтайын дегенім: сол Шахмардан Есеновтың себепкерлігінің арқасында әлі күнге қазыналы Маңғыстау Қазақстанның құрамында тұр.
1962 жылы Кеңес Одағының сол кездегі көсемі Никита Хрущевтың басына “керемет” идея келеді. Маңғыстау облысында қисапсыз көлемде мұнай мен газ кеніштері ашылған соң, бұны қазақтар игере алмай, қор қылады деп ойша шешіп қояды. Сөйтіп, оны мұнай-газ саласында тәжірибесі молырақ Әзірбайжанға береміз деп ұйғарады. Қазіргі Қырым дағдарысы сол Хрущевтың 1954 жылы Қырымды Украинаға бергенінен басталды емес пе? Мұны алдын-ала білген Дінмұхаммед Қонаев бұл зұлымдықты болдырмау операциясын жас министрге тапсырады.

Есенов бар абыройын салып, бүкіл Одақтағы ғылыми және саяси элитаның бетін бері қаратқан болады алдымен. Содан осы сұрақты талқылауға КСРО Министрлер Кеңесі мен Жоғарғы Кеңестің Президиумы жабық отырыс жасайды. Хрущев “Маңғыстауды Әзірбайжанға береміз, болды, бітті” деп мінбеден түсіп кетеді. Шахмардан Есенов мінбеге шығып, Маңғыстау аймағын Қазақстанда қалдырудың тиімділігін барынша дәлелдеп береді. Бұл өндірісті игеруге елдегі ғылыми-өндірістік потенциалдың жететініне сөз береді, Маңғыстаудың әлеуеті бес Бакуға тең деген секілді дәйектер келтіреді. Жанын салып түсіндірген соң, Хрушевтың сенімді серігі деген Алексей Косыгинның өзі Есеновты қолдап кетеді. Басқалары да Есеновтың аргументтеріне ештеңе дей алмай, қолдап дауыс береді. Сонда Хрущев шекесі қызара бөртіп ашуланып, Косыгинге де, Есеновке де онша әдеби емес сөздер айтып залдан шығып кетіпті деседі.

Маңғыстау облысы осылайша 1962 жылы Әзірбайжанның құрамына кіруден аман қалған. Өзі торда жүріп, ел мен жердің тұтастығы үшін күрескен нағыз батыр ғой, өй, жарықтық!

Өркен Кенжебектің фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі