///

«Жасынның оты жанымда…» Алғашқы кештің әсері

1109 рет қаралды
«Жасынның оты жанымда…» Алғашқы кештің әсері

Қазақстан жазушылар одағының, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, белгілі ақын, сазгер, баспагер, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Қалиев Алматыда ағынан ақтарылып алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Алатау» дәстүрлі  өнер театры ұжымының белсенді атсалысуымен есеп беру концерті дүрілдеп өтті.

2017-04-28-PHOTO-00000019Әуезді, лирикалы, мағыналы әндері мен ғибратты терме-толғаулары әлдеқашан жұрт жүрегінен терең орын алған өнер иесінің кеші өзіндік ерекшелікке толы болды. Атап айтсақ, Серік ағамыздың айтыстың аламанында топ жарып, сүбелі сөз қалдырып қана қоймай, талантты шәкірттерге ақыл айтып, жол көрсеткен ұлағатты ұстаздығын аңғардық. Әзіл айтыс жасаған айтулы ақындар ардақты аға, парасатты ұстазға алғысын жаудырды.

2017-04-28-PHOTO-00000009Сирек жазылса да сүйсіне тыңдауға лайық терме-толғау жанрына ден қойып, тәлім беретін көптеген туындыларды халыққа ұсынып, ұлт пен ұрпақ тәрбиесіне өнер арқылы еселі еңбек еткенін сездік, сыр түйдік. Әлі ешкім естімеген жаңа шығармаларды белгілі әншілермен қатар, талантты жастар да орындады.

2017-04-28-PHOTO-00000022Сал-сері Серік атанған кеш иесінің жақсы орындаушы екенін де байқадық. Ой салар өлеңдерін тыңдап әсерлендік. Қысқасы, өмірі мен өнері өнегеге толы талғампаз азаматтың туған халқына деген сүйіспеншілігін, туған жерге деген перзенттік борышын, отанды, тілді, дінді құрметтеуге шақырып, адами асыл қасиеттерді ұстануға бағыттайтын туындыларын тыңдап рухнаи күш, шабыт алып жігерлендік. Шығармалары  арқылы өзін танып, өзі арқылы ұлтымыздың бегзада болмысына көңіл бөліп көп ой түйдік.

2017-04-28-PHOTO-00000029Кеш иесінің өнерін құрметтеп, шығармаларын ықыласпен орындап жүрген әншілер, ақын шәкірттері арысы Астана, Тараз, берісі Алматыдан көп жиналды. Ерлан Рысқали, Алтынай Жорабаева, Ғани Мәтебаев, Серікзат  Дүйсенғазы, Айнұр Тұрсынбаевалар Серік Әкірамұлының өнерін ұлықтап, ән мен жырдан шашу шашты. Алматылық өнерпаздар да аянып қалмай кеш иесінің шығармаларын таласа-тармаса орындады. 3 сағаттық әсерлі кешті зал толы көрермен тапжылмай көрді. Құшақ-құшақ гүл ұсынып, дүркін-дүркін қошамет көрсетіп арқаланып отырды.

2017-04-28-PHOTO-00000010Жанашыр, қамқор ағалары генарал-лейтанат Әділ Шаяхметов, Әділғазы Қайырбек, Мұхтар Ибраиымов, Бекен Нұрахыметовтер арнайы құттықтап, иығына шапан жауып, ат мінгізді.

2017-04-28-PHOTO-00000032Ал, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімі Бақытжан Баяхметовтың алғыс хатын  «Аягөз жаңалықтары» газетінің бас редакторы Ермек Дайырбай әкеліп тапсырды.

2017-04-28-PHOTO-00000023Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы  Серік Қалиевті «Тарбағатай ауданының құрметті азаматына» ұсынған. Бұл ұсынысты қабыл алмақ түгілі, туған жерін ән мен жырына арқау етіп, мақтан тұтып, алашқа танытып жүрген азаматына Тарбағатай ауданы құттықау жолдап алғыс айтуға да жарамады. Есесіне сол ауданнан түлеп ұшқан азаматтар мен өнерпаздар көмек көрсетіп, шығармашылық кешке келіп, ортаны толтырып қолдау жасады.

2017-04-28-PHOTO-00000017Мына заманда,  Серік ағамыздан өзгелер дәл осындай шығармаларға автор болса ендігі елдің қолы зорға жетер «жұлдызға» айналып, әзер сәлемдесіп, жыл сайын кеш өткізер еді. Ал осы алғашқы кеш Серік ағамыздың  қарапайым бірақ биік тұлғасын одан ары асқақта түскендей.

Жарқын Сәленұлы, журналист, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қызметкері

AITYSKER.ORG

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі