///

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы несімен есте қалды?

707 рет қаралды

Маусымның 23-24-і күні Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесінің аясында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы болып өтті. Құрылтайға әлемнің 39 елінен 350 делегат келді. Жалпы қатысушылардың саны 800-ден асады. Құрылтайдың салтанатты жиынын ашып әлем қазағына жүрекжарды тілегін жеткізген Елбасы шетте жүрсін, елде жүрсін әр қазақтың өзінің жалғызы екендігін айтты:

“Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу, әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. “Әр қазақ – менің жалғызым” деген  өлең жолын құрылтай мінбесінен әлемдегі  әрбір қазаққа жолдаймын. Сіздерге айтарым, ауылдарыңызға қайтқаннан кейін алыстағы ағайынға менің дұғай сәлемімді жеткізіңіздер. Қазақ баласы қай елде тұрса да, олар Ұлы далада Мәңгілік ел құрып жатқан байтақ Қазақстанның ажырамас бөлшегі  болып табылады. Жүрегінің түбінде осынысы ұстасын”, – деді Елбасы.

Шеттен келген қазақтың құжатын шырғалаңсыз бітіруге тапсырма берген Елбасы шетелдегі қазақ диаспорасы үшін бөлінетін білім квотасын екі есеге көбейтуге құзырлы органдарға тапсыратындығын жеткізді.

c637a130aef4fa33e129f633429b51f1 f5027a20accde08ddce3acd3a43a5b07

Германиялық қазақ Өмірхан Алтын “Қытайдың Шыңжаңындағы қысым көрген қазақтар” туралы айтты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы бейхабар екенін айтып, сыртқы істер министрлігіне тапсырма беруге уәде етті. 

Құрылтай барысында Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан қайта сайланса, оның І орынбасары қызметін атқарып клеген Талғат Мамашев орнынан кетті. Ол орынға Зауытбек Тұрысбеков келді.

Құрылтай шетелде жүрген білімді қазақ жастарының көп екендігін паш етті.

Солардың бірі – Әйгерім Болат – Боккони университетінің лекторы, МРА магистрлік программасының директоры (Италия). Моңғолияда туып-өскен, Сингапур мен Италияда оқыған. Қазір Милан мен Астана арасында жұмыс істейді.

“Мінбер” ақпарат

Видео www.azattyq.org сайтынан алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі