///

Ұлыстың ұлы күні…  Сіз білесіз бе?

709 рет қаралды

Атақты Фазлуллаx Рашид-ад-дин Жылнамалар жинағында Ұлыстың ұлы күнін Ергенеқонмен байланыстырады.

Баянға сенсек, төрт ғасыр Ергенеқонды мекен етіп, ақыры құздарлың қуысына сыймаған Ел ханның ұрпақтары Отанына жету үшін от қойып, темірмен тауды балқытып, жол тауып шатқалдан шығыпты.

Көк бөрінің жол көрсетуімен жаңа қонысқа жеткен жауынгер жұрт Ұлыстың ұлы күнін тойлапты.

Осылайша жаңа күн ретінде Наурызды тойлау кезінде түрік қағандары көрік басып, балға ұрып, төс соғатын жоралғы жақсы ырымға, игі дәстүрге айналыпты.

Бұл дәстүрді Шыңғыс хан қайта жаңғыртыпты. Әйгілі Әбілғазы бахадүр хан да «Түрік шежіресі» деген еңбегінде осы баянға ден қояды.

Темір мен оттың, төс пен балғаның символикалық мәні зор. Біздің баxадүр бабаларымыз темірші болған.
Темірді илеген олар әлемді билеген.

Бүгінде Қазақтар Ұлы дала төсіндегі Отпан тауда от жағады, Әзербайжанда жиылған жұрт алаудан аттайды, Анадолыда түріктер көрік басып, төске балға соғады.

Мәңгілік ел мұратын жадыда жаңғыртатын осы дәстүрді біз де Наурызды тойлау барысында ескерсек, Ұлыстың Ұлы күні түрлене түсер еді деген ойдамыз.

Darhan Qydyráli, ФБ парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі