//

Журналист болғым келеді

1418 рет қаралды

slider_journ.jpg

Республикалық эссе байқауы

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында өтетін «Журналист болғым келеді» республикалық эссе байқауы Сулейман Демирел Университеті және “Алматы” телеарнасы АҚ тарапынан қазақ телевизиясының 60 жылдығы құрметіне өткізілетін байқау болып табылады.

Байқау жеңімпазы “5В050400 Журналистика” мамандығы бойынша толық 4 оқу жылына жарамды СДУ ішкі грантымен марапатталады.

Байқау мақсаты

  • қазақ телевизиясының 60 жылдығын атап өту;
  • журналистика мамандығын насихаттау;
  • журналист болуды армандайтын оқушылардың журналистика мамандығы бойынша білім грантын жеңіп алуына мүмкіндік беру;
  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
  • тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;
  • оқушылардың журналистика мамандығына, оның тарихына және ұстанымдарына деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру.

Байқау ережесі

  1. Байқауға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 11-сынып, НЗМ (Назарбаев Зияткерлік мектебі) 12-сынып оқушылары және колледж түлектері қатыса алады.
  2. Эссе оқушы таңдауына байланысты 3 тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
  3. Эссе және қатысушы туралы қысқаша мәлімет 2018 жылдың 30 сәуір, Астана уақытымен 23:59-ға дейін info.journalism@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.
  4. Эссе шарттары мен бағалау критерийі: Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың логикалық-танымдық мазмұны, әдеби-көркемдік жағы, грамматикалық сауаттылығы бағаланады.
Эссе мазмұны, ойы Мәтіндегі ойды ұсыну әдісі, әдеби-көркемдігі, стилистика Мәтіннің грамматикалық сауаттылығы
20 ұпай 20 ұпай 10 ұпай
  1. Форматы: Байқауға ұсынылатын эссе жұмысы өзі жайлы мәліметке Word құжат түрінде тіркеп жіберілуі керек.

Эссе көлемі – А4 форматында; TimesNewRoman, қаріп өлшемі 14; жол арасындағы интервал 1; 2 беттен аз болмауы, 4 беттен аспауы қажет.

Қажетті құжаттар

Қатысушы эссемен қоса info.journalism@sdu.edu.kz поштасына төмендегі мәліметтерді жіберуі қажет:

  • толық аты-жөні
  • тұрғылықты мекен-жайы
  • байланыс мәліметтері
  • оқитын мектебі (колледж)
  • жеке куәлік көшірмесі немесе мектепте 11-сыныпта (колледжде соңғы курста) оқитыны жайлы анықтама көшірмесі.

Байқау уақыты

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

4.1 Республикалық кезең. Қажетті мәлімет пен форматқа сай келетін эсселерді қабылдау – 30 сәуірге дейін.

4.2 Сұхбаттасу кезеңі. 10-мамыр, 16:00-ге дейін ең үздік 20 эссе іріктеуі.

Үздік деп танылған 20 эссе авторымен сұхбат – 15 мамыр, 10:00 – 13:00 арасы.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау уақыты – 15 мамыр, 16:00.

Байланыс

Озер Ясемин

+7 747 343 71 37 (WhatsApp, Telegram)

Бас координатор: Мадияр Саудбаев

+7 701 953 57 51

madiyar.saudbayev@sdu.edu.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі