//

Оразаның адам ағзасына пайдасы. Медицина не дейді?

1862 рет қаралды

Күні ертең басталатын Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту тек рухани тұрғыдан ғана емес, адамның денсаулығына да үлкен пайдасы бар. Бұл туралы ғалымдар да арнайы мәлімдеме жасап, 365 күн бойы тамақ ішетін адамға жылына 30  күн ораза тұту дұрыс деп таныды.

Сондықтан да сіз ораза арқылы өз денсаулығыңызды да оңалта аласыз. Әлемде көптеген адамдарда бел алып келе жатқан қант ауруын емдеу үшін дәрігерлер 10-15 күндей ораза ұстауды кеңес етеді екен. Бұл дегеніміз, медицинаның өзі бұл жолды бағыттауда. Бұл уақытта сіз ұйқы безінің демалуына көмектесесіз.

Оразада адамның ішкі мүшелеріндегі майлар еріп, метаболизимді жақсартады екен. Біз күніне 14-15 сағатқа жуық тамаш ішуден тыйылатындықтан да, адам ағзасында керек емес жасушалар жою процессі іске аса бастайтын болады. Сондай-ақ, артық ет пен май мөлшері де жойылады.

Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрігер болған, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде былай дейді: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып ауыз бекітуге шақырудан ешқашан тыйылған емес. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан соң денеде әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді».

Әрине, оразаның алғашқы күндері аштық қаттырақ сезілуі мүмкін.  Алайда, адамның есте сақтау қабілеті артатын болады. Бастапқы да бас айналу, ауыздан жағымсы иістің шығуы да болады. Бірақ, уақыт өте ағзаңыздың өзі аштыққа үйрене бастайды.

Есте сақтайтын нәрсе, Ауыз ашқаннан соң бірден майлы, асқазанға ауыр тағамдарды жеуде аулақ болыңыз. Бұл дегеніміз сіз өз денсаулығыңызға зиян келтіретін боласыз. Алла елшісі (с.а.с) ауыз ашар кезде тек бірнеше құрмалардан дәм тартып, аз ғана су ішіп ақшам намазына тұратын. Бізде осы әдетті үлгі ете отырып, ағзамызды аз тамақтануға және барынша құнарлы ас жеуге қарай дағдыландыру керекпіз.

Көптеген ғалымдардың айтуынша, ауыз бекіту арқылы денедегі май құрамы азаюмен қатар, холестерин мөлшері де бәсеңдей түседі екен. Бұл дегеніміз қанның қоюлануының алдын алады. Сонымен қатар, сіздің ағзаңыз пайдаланып жүрген түрлі химиялық қоспалар бар тағамдардың басым көпшілігі улы заттарға толы. Ал ораза уақытында сіз осы улы заттардан арыла отырып, жасулар жаңарып, жаңа қуат пен күш алатын боласыз.

Барша адам мұқтаж болып жүрген медициналық диета арқылы сіз өмір жасыңызды ұзартып, рухани тұрғыдан тазарып, мұсылманның бес  парызының бірін атқаратын боласыз.

Әзірлеген Көгершін Тілеген

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері