//

42500-дің жыры

1377 рет қаралды

17 сәуірдегі жағдай бойынша 42500 теңге алуға 6 миллион 671 мың адам өтініш берген. Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған жандар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуге тиісті әлеуметтік төлем бүгінге дейін 3 млн 482 адамға тағайындалып үлгерген. 

Өтінішті қарау мерзімі үш жұмыс күні. Шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушінің телефонына SMS хабарлама келеді. Арықарай өтініш берушінің мәліметтері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ жолданады, олар ол мәліметтерді төлем жасау үшін екінші деңгейлі банкілерге жолдайды. 

Өтініш берушілердің қатарында жұмысы тоқтамаған, жалақысы сақталмаған демалысқа жіберілмегендер де болған. Әрі оларға жәрдемақы тағайындалып қойған жағдайлар көптеп кездеседі. Өткен аптаның соңында 42500 теңгені заңсыз алғандардың қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ақпарат желдей есті. Дегенмен, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың фейсбук парақшасында қалдырған мәліметіне сүйенсек, Еңбек министрлігі жәрдемақыны заңсыз алғандарды қылмыстық жауапқа тартуға қауқарсыз екен. 

«Бізде мемлекеттік еңбек инспекциясы болған еді. Оны 2013 жылы әкімдерге беріп жіберген. Сол себепті адамдарды біз жауапқа, әсіресе, қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз», деген ол берілген ақпараттың рас-өтірігін тексеруге мүмкіндігі болмағандығын айтады. 42500 теңге тағайындаудың алғашқы Ережесі бекітілгенде өкілетті орган жұмыс берушінің еңбекақысы сақталмайтын демалысқа жібергені туралы бұйрығын қоса тіркеуді талап етеді. Алайда қазақстандықтардың цифрлы сауатын ескере отырып, бұл талаптар жеңілдетіледі. Дегенмен, министр бұл қаржыны заңсыз алғандардан кері қайтаруды талап ету заңдылық деп есептейді. 15 сәуірде министрлік ақшаны заңсыз алғандар үшін оны кері қайтарушыларға арналған банк реквизиттерін жариялап үлгерді. 

Ол:

Бенефициар: «НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан»

БИК Бенефициара: «НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан»

БИК Бенефициара: GCVPKZ2A

ИИК Бенефециара: KZ67009SS00368609110

БИН Бенефициара: 160440007161

КБЕ Бенефициара: 11

КНП: 049

Сонымен 42500 теңгені кімдер ала алады:

  • Орта, шағын бизнес субьектілері
  • Жеке кәсіпкерлер 
  • Жеке кәсіппен айналысушылар (адвокат, нотариус, жеке сот орындаушы, т.б.)
  • Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер (БЖТ)
  • Азаматтық-құқықтық негіздегі келісімшарт бойынша кіріс табушылар (қызмет көрсету); бұл азаматтар үшін міндетті зейнетақы төлемдері төленген болса
  • Карантин енгізілген қалалардағы ірі бизнес субьектілерінің қызметкерлері

 
Маңызды: 

Еңбек министрлігінің соңғы ақпаратына сәйкес жеке кәсіпкерлер соңғы он екі айда бір рет бірыңғай жиынтық төлемді төлеген болса (өз бетімен болса да), азаматтық құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтіндер Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорына міндетті зейнетақы төлемдерін аударған болса жетіп жатыр, әлеуметтік төлемдер немесе зейнетақы аударымдарын дәлелдеудің қажеті жоқ. 

Әлеуметтік төлем алу үшін өтінімді eGov порталы арқылы, 42500.enbek.kz сайты арқылы және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша  Телеграм-бот арқылы бере аласыз.  

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері