///

Анна Александрова байқауы COVID-19 пандемиясын ауыздықтауға арналады

1246 рет қаралды

Сорос Қазақстан қоры дәстүрлі Анна Александрова атындағы байқауын жариялайды. Биылғы байқау азаматтық қоғамның COVID-19 эпидемиясының таралуына қарсы күрес жолындағы күшін қолдауға және аталмыш індеттің елімізде әлеуметтік осал топтарға қатысты жағымсыз салдарын төмендетуге арналады.

Байқаудың негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар,  инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Міндеті: Әлеуметтік осал топтардың әлеуетті шешуге болатын және нақты мәселелерін анықтау; анықталған мәселелерді шешуде жоспар құру; әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту; әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамның қатысуын ұлғайту.

Байқауға жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қатыса алады. Негізгі басым бағыттары:

  1. Әлеуметтік осал топтарға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған жобалар
  2. Адвокациялық жобалар
  3. Ақпараттық жобалар

Гранттық байқау екі кезеңнен тұрады (іріктеу және қорытынды). Байқауға қатысу үшін үміткерлер өзі туралы ақпаратты және Сорос Қазақстан қоры сайтындағы арнайы сұранымды толтыруы тиіс:

Байқауға өтініш тапсырудың соңғы мерзімі  – 2020 жылғы 20 сәуір.

Жобаның орындалу мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін.

Жоба туралы толық ақпаратпен www.soros.kz сайтында танысуға болады.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері