//

42 500 теңге әлеуметтік көмекке жаңадан өтінім қабылданады

1169 рет қаралды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында  “42 500 теңге” төлеміне өтінімдерді қайта қарау алгоритмі бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Әлеуметтік көмекке өтінімді қайта қарау алгоритмі бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеме жасады.

Бұрын қабылданбаған өтінімдерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа өтініш жіберу қажет. Өтініште әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін растайтын құжат болуы керек. 

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтар мен жеке кәсіпкерлер өтінішті өздері бере алады.

  • “Жалдамалы жұмысшылар ақысыз демалысқа шыққанын дәлелдейтін бұйрықты ұсынуы шарт. Ал жеке кәсіпкерлер банк анықтамасын, я болмаса, қаржылай бір есепті беруі керек. Бірақ ол құжатта адамның табысынан айырылғаны анық көрсетілуі тиіс”, – деп түсіндірді Сарбасов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі барлық құжат жиналғаннан кейін жұмыспен қамту бөлімі оны аудандық штабқа жіберетінін айтты. Штаб сәйкесінше 42 500 теңге беру не бермеу туралы шешім шығарады. Оң шешім шығарылса, өтініш мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалына жолданады.

Өтініш берген адам аудандық штаб немесе мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры шығарған шешіммен келіспесе, облыстық штабтан өтінішті қайта қарауды талап ете алады. Облыстық штаб өтінішті растаса, өтініш әлеуметтік төлемді тағайындауға жіберіледі.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар