//

Адам тағдыры ойыншық емес. Түшкіргендерді короновирус дей берсек, кім сенеді?..

1383 рет қаралды

Мамырдың 29-ында Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның селекторлық отырысы өтті. Селекторда Қырымбек Көшербаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуді басты назарға алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.

 Онлайн режимде өткен отырыста Алматы облысының әкімі аймақта ашылған  қауіпті індетті анықтайтын зертхана жұмысына тоқталып, сала басшыларына бірнеше тапсырма берді.

Сөз соңында Амандық Баталов 

 – Өңірімізде тәж вирусын анықтайтын зертхана ашылды. Бірақ халық сынама тапсырғысы келмейді. Өйткені, сынаманың дұрыс көрсететініне  сенбейді. Зертхана орталығынан көп қателік кетіп жатыр. Орталықты ретке келтіріңдер. Адам тағдыры ойыншық емес. Қазір көктем айы. Кейбір адамдарда аллергия болуы мүмкін. Пысқырған-түшкіргендерді короновирус дей берсек, кім сенеді? Сондықтан, зертханалық орталық сапалы жұмыс жасауы үшін бар жағдайды жасаңыздар, – деді. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар