////

Блок-бекеттердегі жағдай қалай?

1417 рет қаралды

Маусымның 1-інен бастап қалааралық блок-бекеттер ашылмақ. Дегенмен, ондағы қазіргі жағдай қалай? Адамдар қала мен облыс арасында қалай қатынап жүр? Тілшіміз Жадыра Жанарбек Алматы қаласы мен Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасы Алтын орда базарындағы бекетті бақылап қайтқан еді.

– Қалаға кіру, шығу тәртібі қатаң түрде жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы тұрғындары almaty.infokazakhstan.kz сайты арқылы қала ішінде рұқсаты бар/жоғын біле алады. Бұл рұқсат тек қала ішіндегі ауданаралық блок посттардан өтуге жарамды. Қаладан шығу блок бекетіне жарамсыз екенін ескертеміз.

Айта кетелік. Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы жол кедергілері алынып тасталатынын айтты. Ал 5 маусымнан бастап тасымалды қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі