/

«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді

1288 рет қаралды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Евразия + ОРТ» ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге көшірілді.

Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді», – деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында

Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын жеткізді. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен.

«Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», – деді ол.

Minber-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі