//

ПЦР-тест жетіспеушілігі қолдан жасалып отыр ма?

1564 рет қаралды
Фото: elements.envato.com

Бұған дейін www.minber.kz сайты ПЦР тестерінің жетпей жатқаны туралы жазған еді. 

Ал Қазақстанда ПЦР-диагностика жасау үшін реагенттерді өндіруші компания жетекшісі Алтай Қалымбетов ПЦР тестерінің жетіспеушілігін қолдан жасап отырғанын айтады. 

«ПЦР-диагностикасын шығарушы менің кәсіпорнымнан мемлекет бірде-бір тест сатып алмады. Коронавирусты анықтайтын ПЦР-диагностикасының дефициті қолдан жасалып отыр. «Адам қайғысынан ақша жасауға» қатысып отырған барлық шенеуніктің әрбір өмір үшін жауап беретін кезі келеді. Мен де үнсіз қала алмаймын» деп жазды ол өз Facebook парақшасында.  

Бизнесменнің жазбасына Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой реакция танытып, «жағдаймен танысып, өз бақылауыма алатын боламын» деген комментарий қалдырған. 

Қазір тек Алматының өзінде тест тапсыра алмай жүргендердің саны жүзден асады. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Қамалжан Надыров коронавирусты анықтайтын бірнеше лабораторияның жұмысы тоқтап тұрғанын айтқан. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал секілді ірі қалалардағы мемлекеттік лабораториялар жеке адамдардан ақылы түрде тест жасауды тоқтатып отыр, өйткені мемлекет тарапынан келіп түсіп жатқан тапсырыс өте көп. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар