//

Алматыда карантин кезіндегі ҰБТ басталды (ВИДЕО)

2099 рет қаралды

21 маусым Қазақстан бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биылғы ҰБТ Covid-19 пандемиясына тұспа-тұс келді. Осыған орай ел бойынша қатаң санитарлық шаралар енгізілген. Мінбер.kz тілшісі Алматы қаласындағы ҰБТ тапсыру пункттерінің біріне барды. Талапкерлердің емтихан залына кіргізілуі және онда атқарылып жатқан санитарлық шаралар туралы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Біз болған  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті биыл әр күн сайын 230-250 талапкерді емтиханға кіргізеді. Жалпы 3 мыңға жуық оқушы осы ҰБТ пунктінен тест тапсырады. Былтыр бұл көрсеткіш Абай атындағы ҚазҰПУ-да 4 мыңнан асқан. Бұл туралы ҰБТ тапсыру пунктінің жауаптысы, ҚазҰПУ проректоры Сәтмырзаев Асан мырза айтты.

Биылғы ҰБТ-да:

  • ҰБТ тапсырушылар аудиторияға кіру барысында, кіргеннен кейін әлеуметтік ара қашықтықты сақтайды және маска киеді.
  • Ата-аналар ҰБТ барысын онлайн режимде үйде отырып бақылай алады.
  • Дезинфекциялық тоннельдерден өтіп, дене қызуын өлшетеді.
  • ҰБТ уақыты 4 сағат және калькулятор қолдануға рұқсат берілген.

Айта кету керек, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасындағы ҰБТ өткізу пунктінде болды. Министр талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші күні тек 6 512 талапкер емтихан тапсырады.

Еске салсақ, биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109 немесе 82% осы оқу жылының мектеп түлектері. Жалпы, карантинге қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ға артып отыр.

Сурет және видео автордыкі

Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі