//

Белгілі жазушы Қуандық Шамахай ауруханада қайтыс болды

1911 рет қаралды

Нұр-Сұлтандағы 1-ауруханада коронавирустан емделіп жатқан жазушы, журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы мен марқұмның жұбайы Айша Тұрмағанбетова растады.

Айша Тұрмағанбетованың айтуынша, Қуандық Шамахайұлы ауруханаға өткен аптада жатқызылған. Жұбайымен телефон арқылы үнемі сөйлесіп тұрған. Дәрігерлер болса, денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтыпты. Бірақ бүгін түнде марқұм әйеліне хабарлама жазып жіберген.

“Дәрі берді, үш литр су іштім, менен басқа ешкімге бермепті” деді. Су ішкенше, құсып тастамайсың ба деп айттым, содан түнімен ұйықтай алмадым. Таңғы сағат 7.30-да ұлыма хабарласып, әкеңіз қайтыс болды депті. Бір дәріні сынақтан өткізген болуы да мүмкін. Қазір ауруханадамын, прокуратураға арыз жазамын. Ешқандай қант диабеті секілді ауруы болған емес, ешқашан ішпеген, шекпеген кісі. Кішкене ғана өкпесі зақымданған болатын”, – деді Тұрмағанбетова Sputnik Қазақстан тілшісіне .

Қуандық Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті. 1993 жылы Мадридтегі Халықаралық журналистер ұйымына мүшелікке өтіп, БҰҰ мен ЮНЕСКО мойындаған «халықаралық журналист» деген арнайы мәртебеге ие болған. 2001 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің шақыруымен Вашингтонда, Рестонда, Арлингтонда, Нью-Орлеанда, Колумбия-Миссуриде, Атлантада, Нью-Йоркте болып, бірнеше жетекші университет мамандарымен тәжірибе алмасқан және Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы комитетінде тағылымдамадан өтіп, білім жетілдірген.

Ол журналистика ғылымының теориялық мәселелерін қаузаған 10 кітаптың, ғылыми-танымдық, публицистикалық мақалалардың, 100-ден астам сықақ әңгімелердің, әдеби-көркем аудармалар мен сын зерттеулердің авторы.

1994 жылдан бері еліміздің жетекші университеттерінде журналистика, мәдениеттану, қоғаммен байланыс, этика, әдебиет теориясы, аударма ісінің теориясы, әлем әдебиеті салалары бойынша дәріс беріп келген.

Жазушының отбасы мен туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі