/

Денсаулық сақтау министрі А. Цой: Қазақстанда тамыздың соңына қарай күніне 27 мың адам КВИ-мен ауыруы мүмкін

1836 рет қаралды
Сурет: EADaily

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел Президентіне карантинге қатысты үш болжам ұсынды. Оның ойынша қатаң карантин режимі жағдайды реттейді.

Ақордада өткен жиында министр төрт апталық карантиннің қажеттігі туралы айтқан. Маусымның 10-ынан бері Қазақстанда пневмония дерті асқынып тұр. Оның клиникалық белгілері COVID-19 дертіне ұқсас болғанымен, ПЦР тест коронавирустың бар екенін жоққа шығарып келді.

Соңғы уақытта мұндай пневмония күніне 2 500-ге дейін жетіп тұрған.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ретте карантин шараларын күшейтудің үш түрлі сценариін ұсынып отыр.

Бірінші сценарий. Ешқандай карантин шараларын қолданбау. Ондай жағдайда тамыздың соңына қарай COVID-19 пандемиясымен ауыратындар саны күніне 27 мыңға жетуі мүмкін. Жұқпалы аурухана мен провизорларға деген қажеттілік 300 мыңға дейін жететін болады.

Екінші сценарий – көктемдегідей бүкіл республика аумағында екі апталық қатаң карантин шарасын енгізу. Бұндай жағдайда күніне емделуді қажет ететін 7 000 адам тіркелуі мүмкін. Тамыздың соңында аурухана төсегіне қажеттілік 80 000-ға жетуі мүмкін.

Үшінші сценарий – төрт апталық қатаң карантин. Бұл жағдайда тамыздың соңында күніне 2 500 адам емделіп, 30 мыңдай адамға аурухана төсегі қажет болады.

Алексей Цой үшінші сценарийді тиімді деп есептеп отыр.

Денсаулық сақтау министрінің бұл ұсынысын әркім әртүрлі бағалауда. Мәселен саясаттанушы Мұхтар Сеңгірбай: “Италия, Испания, Ұлыбританияның өзінде ең ушыққан тұста 5-6 мыңның айналасы болған. Олардың халық саны біздікінен бірнеше есе көп. Антирекорд бойынша Ресейді басып озып, АҚШ пен Бразилияның төңірегіне барамыз дейді. Төрт апта локдаунда отырған күннің өзінде күніне 2500-ден шығып жатады екен. Соның өзі қорқынышты. Қысқасы, 2-4 аптаға тағы “үйқамаққа” кетеміз” деп жазды фейсбук парақшасында.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі