/

Қазақстандық COVID-19 вакцинасы күзге қарай дайын болуы мүмкін

1431 рет қаралды

Қазақстанда COVID-19 вакцинасы ағымдағы жылдың күзіне дейін клиникалық зерттеулерге енуі мүмкін.

Осы жылдың бірінші тоқсанында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтерге мемлекеттен бөлінген қаржы 19,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% аз (IFO – 91,2%).

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық COVID-19 вакцинасы 2020 жылдың қыркүйегінде клиникалық сынақтарға жіберілуі мүмкін, деп мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты жазды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік және биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер жүйелі негізде жүргізілуде. Салада 12 ғылыми ұйым жұмыс істейді, шамамен 2,5 мың адам. Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық болашақ маман еліміздің 19 жоғары оқу орнында білім алуда.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина Жамбыл облысында шығарылады деп хабарлаған болатын. Салынып жатқан зауыт жақсы өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес иммунобиологиялық препараттарды, соның ішінде COVID-19 вакцинасын шығарады. 

Әуелханұлы Мейіржан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар