//

13 шілде “Ұлттық аза тұту күні” боп жарияланды

2325 рет қаралды
фото: www.akorda.kz

8-шілде сағат 20:30-да Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялады.

Тек қана Қазақстанда емес, бүкіл әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың күрделене түскені жайында айта отырып, ел халқын сабырға шақыра отырып, Президент алдағы екі аптада жағдайдың тұрақталатынына сенімді екендігін жеткізді:

“Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ.

Барлық азаматтарды карантин ережелерін қатаң сақтауға шақыра отырып, елдегі денсаулық сақтау жүйесінің індетке тойтарыс беруге дайын болмағандығын мойындады. Әрі осы мәселе бойынша тергеу жүргізілетіндігін және бұл жағдайдан сабақ алатындығын жеткізді:

Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді. Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын.Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, – деді ол.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі