//

Пневмониядан қайтқан бас санитар қалайша ковидтен қайтқан тізімге еніп кетті? Бұл қарапайым халықты алалау емес пе?

2669 рет қаралды

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургі Мыңжылқы Бердіқожаевтың  пневмонияға шалдыққан жүздеген, мыңдаған науқасты короновируспен ауырғандардың ортақ есебіне енгізу керек деп дабыл қағып жатқанына екі-үш күн болды.

Маманның пікірінше, Қазақстанда ПТР тестілеуі оң нәтиже көрсеткендерді ғана коронавирус жұқтырғандардың есебіне енгізеді.

– Қазіргі мәлімет шынайы жағдаймен үйлеспейді. Компьютер томографиясы және рентген-зерттеуі нәтижесінде дәлелденген атипиялық пневмония жағдайлары тікелей ковидпен байланысты. Оны коронавирустық пневмония деп өзгертіп, әзір тек ПТР сынамасымен ғана расталатын статистиканы қайта қарау қажет.

https://dalanews.kz/54451

Қазір еліміздің әр аймағындағы провизорлық орталықтарда емделіп жатқан яки қайтыс болған адамдардың көбі пневмонияға шалдыққан. Пневмонияға шалдыққандарды провизорлық орталықта емдеп жатқан  денсаулық сақтау министрлігі пневмонияны ресми түрде ковидпен байланыстырмай отыр.

Алайда, жақында ғана осы министрлік жариялаған коронавирустан қайтыс болған қазақстандық дәрігерлердің тізімінде Алматы облысының Бас санитары Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы бар.

Бас санитардың қайтыс болғаны жөнінде Алматы облысы әкімдігі таратқан ақпаратта одан коронавирус анықталмады деп анық жазған еді.

Бұл ақпараттардан Денсаулық сақтау министрінің әрекетіндегі қайшылық анық көрініп тұр. Қарапайым халық арасындағы пневмониямен ауырғандар ковид жұқтырғандар санатына қосылмай отырғанда, бірақ пневмониядан қайтыс болған марқұм бас санитар қалайша ковидтен қайтыс болған тізімге еніп, кетті?

Министрліктің бұл әрекетін қалай түсінуге болады?

Біз осы мәселе жөнінде Мыңжылқы Бердіқожаевқа хабарласып,  пневмониядан қайтқан бас санитардың ковидтен қайтыс болған дәрігерлер қатарына кіруі қарапайым халықты алалау емес пе, деп сұрадық. Мыңжылқы Бердіқожаев мұны «алдау» деп атады.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің уатсабына  сағат 10.30 да жазған  сауалымызға 16.00 ге дейін жауап ала алмадық.

Ал, осы аралықта  түрлі ақпарат құралдары арқылы Денсаулық сақтау министрі Александар Цойдың Үкімет отырысында БАҚ пен әлеуметтік желіде «негатив» материалдарды 10 пайызға азайту керек деп айтқаны жайлы ақпарат тарап жатты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат тарату ісіне емес, пневмония мен ковидтің ара жігін анықтап, халықты адастырмауға күш жұмсағаны жөн еді.

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ: Вирустық пневмониямен ауырғандардың көбінен коронавирустың анықталмауы тестінің сапасына байланысты болуы мүмкін

  Covid-19 бен пневмония статистикасы қосылып есептелетіні белгілі болғанда, еліміздегі пневмониямен ауырғандардың барлығы вирустық пневмония болмауы

Карантин кімге қалай әсер етті?

Коронавирус инфекциясы, төтенше жағдай, карантин барлық қызмет түріне өзгеріс әкелді.Нақты кімге қалай әсер етті? Коронавирус жайлы