Бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте азаматтарды интернеттегі видео-кеңестерге аса сақтықпен қарауға шақырды. “Қазір әлеуметтік желілерде әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан беймәлім профессорлар мен отандық дәрігерлердің түрлі рецепті мен кеңесі көбейіп кетті. Олар белгілі бір препараттардың да атын атап жүр. Осы ретте аса мұқият болыңыздар. Елімізде халықаралық сарапшылар мен қазақстандық мамандардың шешімімен бекітілген клиникалық хаттамасы бар. Коронавирустың ауыр белгілері болмаса, дене қызуыңыз көтерілмесе, КТ өкпедегі сырқаттың 20 пайыздан аспағанын көрсетсе, бірден 5-6 антибиотик ішудің қажеті жоқ. Препарат симптоматикалық жағдайда қолданылады, өйткені әрбір дәрінің кері әсерін де ескеру керек”, – деді министр. Сондай-ақ, Алексей Цой коронавирусқа шалдыққан азаматтар жаппай таппай жүрген “Цефтриаксон” препаратының аналогын да атады. Яғни, сіз іздеген “Цефтриаксон” дәріханада болмаса, оның баламасын пайдалануға болады. “Антибиотиктерге келсек, мысалы, елдің бәрі “Цефтриаксон” іздеп жүр, бізде бұл препараттың 30 жуық атауы тіркелді – “Цефаксон”, “Аксон”, “Белацеф”, “Севацеф”, “Сертицеф”, “ЦЕФ-триаксон”, “Ротацеф”, “Медаксон”, “Зибан”, “Цефасон”, “Рифин””, – деді министр. Құрамында парацетамол бар препараттардың да нарықта аналогы көп. “Панадол”, “Ингрипп”, Антифлю, Антигриппин, “Тайлор”, “Комбигрипп”, “Максигриппин”, “Неофлю”,” Аскофен”,”Фервекс” сынды Қазақстанда тіркелген препараттар дәріхана сөрелерінде тұр. Ал азаматтар оны “Парацетамол” деп іздеп жүр. Аталған дәрілердің құрамында парацетамол бар, яғни оларды температураны төмендету үшін қабылдауға болады. Алексей Цой азаматтардан дәріханаларға түскен вирусқа қарсы препараттарды “қажет болып қалады” деген оймен жаппай сатып алып, үйде сақтауды тоқтатуды сұрады. Өйткені қолдан жасалған тапшылық салдарынан жағдайы ауыр, нағыз мұқтаж науқастар қиналып қалады. Министр Қазақстанда коронавирусты емдеуге арналған клиникалық хаттамаға “Фавипиравир” деген жаңа препарат қосылғанын да айтты. Препарат жақында стационарларға жеткізіледі. “Фавипиравир” коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандарды емдеуге ғана қолданылады. Сонымен қатар, шетелдік әріптестерімізбен бірге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны апробациялау бойынша клиникалық зерттеу аяқталуға жақын, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Парақшамызға жазылыңызҚР Денсаулық сақтау министрі: Интернеттегі видео-кеңестердің бәріне бірдей құлақ асу – денсаулыққа қауіпті

Соңғы жазбалар
14 қарашада Ташкентте Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың сахнасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера
Астанада шорт-тректен ISU жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтті. “Алау” мұз айдынында өткен жарысқа әлемнің
Пакизат Сайлаубекова, ана, эколог, подкастер Эколог, подкастер Пакизат Сайлаубекованың өмір жолы мен кәсібі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лотерея және лотерея қызметі туралы
дереккөз: Egemen Qazaqstan Шымкент қаласында Қаржы мониторинг агенттігінің департаменті «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының
Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы тұрмыстық қалдықты автоматты түрде сұрыптайтын құрылғы ойлап
дереккөз:gov.kz Қазақстанда өзге елде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын кеңейту жоспарланып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, осы
Құрметті «Мінбердің» оқырмандары сіздер үшін біздің жақсы жаңалығымыз бар. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Kсell және Ericsson
Қазақстанда ескі киімнің басым бөлігі қайта өңдеуге жетпей, тікелей полигонға кетеді. Себебі елде текстиль қалдығы дербес
Алматыда «Меломан Гранд» дүкенінде қазақ киносының отарлық мұрасын талдауға арналған «Qalam» мультимедиялық жобасының сессиясы өтті. Кештің