//

Туған күніңмен, Нұр-Сұлтан!

2585 рет қаралды

Бүгін елордасы Нұр-Cұлтан қаласы мен ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Ел пандемиямен алысып жатқанда қаланың 22 жылдық, Елбасының 80 жылдық мерейтойын дүбірлетіп өткізуден бас тартсақ та, кейбір мерекелік шаралардан бас тарта алмадық.

Астана күні 1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылдан бері Нұр-Cұлтан қаласы астана мәртебесіне ие болып еді. 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған. 1997 жылы қазақ астанасын Ақмолаға көшіру туралы соңғы шешімді Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған еді. 1998 жылдың 6 мамырында ҚР президентінің Қаулысымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді. 2019 жылдың 23 наурызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қаулысымен Астана атауы Нұр-Cұлтан деп өзгертілді.

2006 жылға дейін астана күні маусымның 10-ында қала деңгейінде аталып келген болса, 2006 жылдан Республикалық деңгейде шілденің 6-сында атап өту туралы шешім қабылданды. 6 шілде Елбасы, ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні. Биыл Елбасының 80 жылдық мерейтойына сыйлық ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа ескерткіш орнатылды. Монумент Қорғаныс министрлігінің алдында ашылған.

Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Елбасының Қазақстанды қалыптастыру жолында қосқан үлесі орасан. Ел дамуында ерекше орын алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі