//

Дәрігерлерге уәде еткен 10 миллион теңге өтемақы төлене ме?

4427 рет қаралды

Өкпе пневмониясы диагнозымен қайтыс болған шымкенттік тоғыз дәрігердің отбасы 1 миллион теңгеден өтемақы алды. 

Шымкент әкімшілігі бұл төленіп жатқан өтемақының “Шымкент – Қайырымды қала” атты қалалық қайырымдылық қорынан алынғандығын айтады. Ал арнайы комиссия қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, ет жақындарына 10 млн теңгені төлеу, төлемеу мәселесін жақын күндері шешетін болады дейді олар.

“Шымкент қаласының әкімшілігі арнайы комиссияның шешімін күтпестен қосымша материалдық көмек көрсетуді жөн деп тапты. Сөйтіп, өмірлерін індетпен күресте қиған медиктерге құрмет көрсеткіміз келді” деген мәлімдемеде. КТК телеарнасының хабарлауынша   уәде етілген 10 миллион теңгенің төленбеу себебі  медицина қызметкерлерінің өлімінің себебі коронавирус емес, пневмония болғандықтан.

 Бір айдың өзінде Шымкентте 9 медицина қызметкері қайтыс болған. Қазақстан бойынша 51 дәрігер қайтыс болған. Қазір инфекционист дәрігерлер тапшы. Біразы ауырып жатыр, біразы о дүниелік болып кетті. Ал қатерлі дертпен күресте шейіт болғандардың отбасы уәде еткен өтемақыны әлі алмаған. Бұндай жағдайда халықты емдейтін дәрігер табуда қиын.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері