///

Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина сатып алатын болдық

1126 рет қаралды

Қазақстан үкіметінің делегациясы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барғаны белгілі. Осы сапар барысында  ресейлік мамандар дайындаған вакцинаны Қазақстанға тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.

Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

Хабарламада «Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті екпені Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын», –  екені жазылған.

Барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана пайдаланыла бастайтын вакцина қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін тегін және ерікті негізде жүргізіледі

Айта кету керек, бұған дейін Беларуссия президенті Лукашенко Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасының үшінші клиникалық сынағына қатысатынын https://lenta.ru/news/2020/08/24/razgovor/ айтса,  Молдова президенті Игорь Додон оны өзі сынап көретінін https://lenta.ru/news/2020/08/21/dodon/  ФБ парақшасына жазған. Ал Украинаның бас санитар дәрігері Виктор Ляшко https://lenta.ru/news/2020/08/12/crirtic/ Ресейлік вакцинаны сынға алып, оның үшінші клиникалық сынақтан әлі де өтпегенін айтқан болатын.

Мінбер.кз Қазақстандық бір қатар дәрігерлерден бұл туралы пікір сұрады. Пікірлерді алған соң жариялаймыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі