//

Төтенше жағдай кезінде отбасындағы зорлық үш есеге артқан

5003 рет қаралды
фото: baribar.kz

Біз үшін бір адамның болсын дұрыс шешім қабылдауы маңызды

 Әлем коронавирус инфекциясымен күресіп жатқанда, екінші жақтан тұрмыстық қысым да өрши түсті. Психолог Александра Митрошинаның айтуынша карантин кезінде тұрмыстық қысым көрген жандардың көмек сұрауы 3 есеге артқан.

Minber.kz сайты “Әкем ішіп келіп, отбасымды пышақтап тастай ма деп қорқамын” атты мақаласында Меруерт есімді қыздың оқиғасын баяндаған болатын. Бұл бір оқиға болғанымен, ондай жағдай миллион екенін білеміз. Сол себепті бұл мәселенің шешімін табуына өз үлесімізді қосқымыз келді. “SVET” қоғамдық қорының құрылтайшысы, “MANSHUQ” сайтының авторы Мөлдір Жұмабаевамен тілдесіп, жағдайды түсіндірдік. Мөлдір Меруертке не істеу қажет екенін көрсетіп, бұл мәселенің шешімін ұсынды.

Мөлдірдің айтуы бойынша, қазіргі кезде дәл осындай оқиғалар өте көп:

– Ішімдік ішіп не болмаса арақ ішпей-ақ отбасына қысым көрсететіндер өте көп. Арақ – жәй ғана сылтау. “Асыраушым болғандықтан оның әрекеттері үшін шағымдана алмаймын” деу өзін-өзі алдау. Бұл дұрыс емес. Адамның сондай жаман әрекетке баруына өзін кінәлі санамауы қажет. Ондай адамдар әйелін, бала-шағасын өзінің меншігі санайды. Қазір дін ұстанамын деп отбасына қысым көрсететін жандар да көп. Біздің кейіпкеріміз Меруерт ең бірінші  жергілікті әйел адамның құқығын қорғайтын учаскелік полиция басқармасына баруы қажет. Не болмаса хабарласып, арыз жазсын. Жәбір көрген адам қорғау нұсқамасын алады. Содан кейін жәбір көрсеткен адамға белгілі уақыт аралығына дейін ішімдік ішуге, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салады. Оған көнбесе одан да өзге шаралар қолданады. Бұдан бөлек  жағдай тым ушығып кетсе бірден полиция қызметкерлерін шақыру қажет. Уақыт өткен сайын дәлелдеу қиын болады. Сол себепті факт тұрғанда бірден іске көшкен дұрыс.

Меруерттің әкесі отбасының асыраушысы болса да, оның бұл ісінің дұрыс емес екенін түсіндірдік. Адам құқығы, адам өмірі бірінші орында тұру қажет екенін айттық.

– Шынымен, әкемнің үстіне арыз жазуға қорыққаным дұрыс емес екен. Мен сіздер көрсеткен шараларды қолға аламын. Анаммен сөйлестім, бұл істі шешеміз. Тағы қол көтеріп, қиындық туғызса бірден арызданамыз. Оған да көнбеген жағдайда жүйкемізді жұқартпай қуып жібереміз не болмаса өзіміз кетіп қаламыз. Саналы түрде барлығы өз орнына келеді деп ойлаймын, – деді Меруерт.

Адам өмірі біз үшін маңызды. Бір адамның болсын ойын өзгертіп, басқа шешім барын көрсеткенімізге қуаныштымыз. Дәл осылай әрекет етіп, өзі үшін күрескен кезде ғана сол әлемде тыныштық орнайды.

SVET қорының әлеуметтік парақшаларына сілтеме: https://instagram.com/svetpf?igshid=7petmcc2ovfo

https://www.facebook.com/182274912532056/posts/706961070063435/?d=n

SVET қорының сайты: https://svetpf.org/

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар