///

“Қоғамдық бақылау”: Басы таудай, аяғы қылдай. Оның жұмысы туралы сауалдарымызға бір айдан кейін берілген жауаптан түйгеніміз осы

2260 рет қаралды
Фото: Риа Новости

Мінбер.кз сайты бір ай бұрын “Қоғамдық бақылауға” қатысты сауалдарды Денсаулық Сақтау министрлігіне жолдаған еді. Қыркүйектің 7-сінде сауалдарымызға жауап алдық. Оның өзінде аталған министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің фейсбуктегі парақшасына пікір қалдырып жүріп, қолымызға тигізген едік.  Ол сауалдар вирус өршіп тұрған шілде айында әлеуметтік желі арқылы еліміздегі ауруханалардың жағдайынан хабар берген қоғамдық белсенді Аида Букаева мүше болған Қоғамдық бақылауға қатысты еді. Қоғамдық бақылау құрылғалы біраз уақыт болса да, оның жұмысынан былайғы оқырман хабарсыз. Біз Денсаулық министрлігінен келген жауаптарды сол қалпында жариялауды жөн көрдік, тиісінше сауалдардың ретін де өзгертпедік. Сауал бізден, жауап Денсаулық сақтау министрлігінен…

Медицина мекемелерін бақылайтын Қоғамдық бақылау есепті Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынады

Сауалдар

1.Осыдан біраз уақыт бұрын белсенді Аида Букаеваның ұсынысымен  Халықтық бақылау құрылған еді. Оған адамдар қандай критерийлермен қабылданады?

  1. Қазір Халықтық бақылау құрамында неше адам бар? Олардың құқықтары мен міндеттері қандай? Олардың жол шығынын кім көтереді?
  2. 3. Аида Букаева өздері көрген мәліметтерді бірден министрлікке жібереміз деп еді. Халықтық бақылау министрлікке қанша видео мәлімет жіберді. Оның ішінде заңсыздықты әшкерелеген видео нешеу?
  3. Ол құрылғалы да бір айға жуықтады. Нәтижесі қандай? Ондай Халықтық бақылау тиімді деп айта аласыз ба?
  4. 5. Халықтық бақылау жіберген мәлеметтегі заңсыздықпен күресіп нәтиже шығарған мысалдар болса бір-екеуін айтып бере аласыздар ма?
  5. Еліміздің ауруханаларында Халықтық бақылаудың жұмысына наразы болғандар бар ма?
  6. Жалпы Халықтық бақылау тек осы эпидемия кезінде ғана жұмыс істей ме әлде кейін де жұмысын жалғастыра ма?

Жауаптар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қоғамдық бақылау қызметіне қатысты мынаны хабарлайды.

Коронавирус инфекциясы жағдайын тұрақтандыру мақсатында Республикалық қоғамдық бақылау штабы құрылды.

Бүгінгі күні Қоғамдық бақылау Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Семей, Қостанай, Қызылорда, Теміртау, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Тараз, Талдықорған, Петропавл қалаларында, Ақмола облысында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында дәріханалар мен медициналық мекемелерге мониторинг жүргізді.

Мониторингтік топтарда жұмыс істеу үшін Қоғамдық бақылауға 500-ден астам ерікті тартылды.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда Қоғамдық бақылау жұмысы басталғаннан бері медициналық мекемелер мен дәріханаларда жақсару байқалады.

Өңірлерде де жақсару байқалады. Барлық шағымдар қаралды.

Ақтау және Жаңаөзеннің барлық провизорлық орталықтарына мониторинг жүргізілді.

Қостанайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, әкімдікпен, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, СК-Фармациямен ынтымақтастық орнатылды.

Тараз дәріханаларында дәрі-дәрмектер пайда бола бастады, провизорлық орындар жабыла бастады.

Жалпы ел бойынша дәріханалар мен ауруханалардағы жағдайдың айтарлықтай жақсаруы байқалады.

Атқарылған жұмыс туралы есепті Қоғамдық бақылау ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынады.

P.S. Бір қызығы біздің сауалға жауап келгенше Аида Букаева Қоғамдық бақылау құрамынан шығып үлгеріпті. Бұл туралы ол өзінің ФБ парақшасына Шымкент қаласындағы ең үлкен ауруханада МРТ аппараты жоқ екенін айтқан Сардар  Әбдіжақия есімді ФБ қолданушысына жазған жауабында айтыпты.

Түсінікті болу үшін біз Сардар Әбдіжақияның жазбасы мен Аида ханымның оған жазған жауабын қоса беріп отырмыз.

Сардар Әбдіжақия

2 сентября в 01:22  ·

Залға қойып қоятын, қалауың қозғағанда кофе қайнатып ішетін кофемашина емес, аурып келіп, сандалып жүрген науқастар түсуі үшін, ауруханаға компьютерлік томография, МРТ ауадай қажет Мұрат Әйтенов!

Alexey Tsoy

Мемлекетімізде миллионнан астам тұрғыны бар 3 мегаполис бар. үшіншісі Шымкент қаласы. Шымкент қаласы, ТМД мемлекеттерінің ішінде мәдени қала болып даңққа егеленді. Миллион тұрғыны бар Шымшаһардың ең үлкен “РОЩА” ауруханасына оқ тиген, пышақталған, көлік апатына түскен, денесі түрлі жарақаттар алған не бір адамдар жеделжәрдем мен жеткізіліп отырады. Бірақ 1 компьютерлік томографиясы, МРТ болмаса, сап-сары етіп жедел жәрдем көлігін толтырып алғаннан не пайда, алып келген науқастың жаны қиналып тұрғанда томография іздеткізіп қоятын?

Аида Букаева

сіз бұл жағдайдан хабарыңыз бар ма еді?

Осы ақпаратты жоққа шығарып, “тұрғындардың айтып жатқаны бос сөз, халық өтірікші, суайт”-демеуі үшін, арнайы журналистер жіберіп, ақпаратты анықтайтын боламыз.

жалғасы бар…

Аида Букаева

2 сентября в 07:12  ·

Сардар мырза, иә, бұны да, бұдан басқа да көптеген өмірлік маңызы зор проблемалардың бар екенін мен жақсы білемін. Аты шулы видеомызды көргеннен кейін Цой мырза ашық түрде қоғамдық бақылауды қолға алуды ұсынды. Бірақ оны заңдастырмай, заңдастыруды МИОР-ға тапсырды. Қазіргі таңда бар проблеманы ашықтан ашық айтатын адамдардың МИОР-ға керегі жоқ. Сол себептен Бибинұр Шералиева екеумізді қоғамдық бақылаудың құрамынан шығарып тастаған. Цой мырзаға бұл шешім өте тиімді, “естімедім, білмедім” деп отыра береді. Біз бақылау қорытындыларын жіберетін адамдары бізді блокқа тығып тастаған. Сондықтан бұдан да маңызды проблемаларды біліп отырсам да, мен дәрменсізбін.

Осы деректерді жариялау барысында біз Аида Букаеваның парақшасынан оның Праймеризге қатысып жатқанын білдік.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар