/

Босқын мәртебесін алған этникалық қазақ қалай азамат атана алады?

2336 рет қаралды

Жақында қазақстандық медиа Қытайдан қашып келген этникалық қазақтар Қастер мен Мұрагерге “босқын” мәртебесі берілгенін айтып жар салған еді.

2019 жылдың қазан айында  Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қазақстан аумағына келген. Сол уақытта қос азамат Қазақстан билігінен босқын мәртебесін беруді сұраған. Кейіннен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты оларды «мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өтті» деген айыппен 1 жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу изоляторында отырған 1 күні 2 күнге есептелуіне байланысты Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы 5 ай 24 күннен кейін бостандыққа шыққан еді.

Ақмола облысы полиция департаменті көші-қон басқармасы Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының босқын мәртесебін беру туралы өтінішін қанағаттандырды. Өтінішті босқын мәртебесін беру, ұзарту айыру және тоқтату бойынша ведомствоаралық комиссия қараған. Комиссия шешімі бойынша, қос азаматқа 1 жылға босқын мәртебесі берілген.

Ал “босқын” мәртебесін алған этникалық қазақ ҚР азаматтығын алу үшін не істеуі керек? Заңгер Ләззат Ахатова “Мінбердің” инстаграм парақшасында бізді толғантқан сауалдарға жауап береді. Тікелей эфир 20 қазанда, сағат 11.00-де өтеді. Ат салысыңыздар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар