///

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Тоқаев Covid-тен қайтыс болған барлық дәрігердің отбасына өтемақы төлеуді тапсырды

1571 рет қаралды
фото: Азаттық

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазанда Нұр-Сұлтанда “індеттің екінші толқынына” даярлық жасау мәселесі талқыланған жиында Covid-тен қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу барысын сынады. Президенттің сөзіне қарағанда бұл салада “бюрократиялық тосқауылдар” көп.

“Мен берген тапсырма бойынша екінші жарты жылдықта 150 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда үстемақы мен сақтандыру төлемдерін алу кезінде әлі күнге дейін бюрократиялық тосқауылдар бар” деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, кейбір жерлерде қызметкерлер “санмен ойнап”, үстемақы үлестіру ісін ашық жүргізбеген. Кейбір мекемелерде бас дәрігерлер медицина қызметкерлерінің жұмыс уақытын дұрыс есептемеген.

“Медицина қызметкерлері өзіне тиесілі ақшаны өтініп сұрамауы тиіс” деді Тоқаев.

30 қыркүйек күнгі ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Тоқаевтың айтуынша, тек 37 отбасыға ғана өтемақы төленген.

“[Медицина қызметкерлері] өлімінің себебін анықтау түрлі қиындық туғызады, кейбірі этикамен де байланысты. Осыған орай үкіметке қайтыс болған барлық медицина қызметкерінің отбасына өтемақы төлеуді тапсырамын” деді ол.

Президент сонымен бірге кәсіби міндетін атқару кезінде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге де өтемақыны кешіктірмей төлеуді тапсырған.

Заңға сәйкес, елде коронавирусты жұмыста жұқтырғаны дәлелденген медицина қызметкерлері ғана өтемақы ала алады. Әзірге қанша медицина қызметкерінің өтініші қанағаттандырылмағаны туралы мәлімет жоқ. Ал өтемақы алмағанына шағымданған медицина қызметкерлері көп. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 103 станциясында қызмет ететін кейбір фельдшерлер жұмыста коронавирус жұқса да, өтемақы өтінішіміз қаралмай отыр деп шағымданған еді. Көктем мен жаз айларында ондаған медицина қызметкері “коронавирус жұққан науқастарды емдесек те үстемақы алмадық” деп шағымданған. Кейбірі үстемақының дұрыс есептелмегенін алға тартқан.

Ресми мәлімет бойынша, 12 830 мың медицина қызметкеріне коронавирус жұққан: 8 339 дәрігердің вирусты жұмыста жұқтырғаны анықталған.

Заң бойынша, коронавирус немесе коронавирус пневмониясын жұқтырған медицина қызметкеріне – 2 млн теңге, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы беріледі.

www.centralasian.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері