/

Қырғызстанның сыртқы және ішкі сауда айналымы, цифрлармен

2256 рет қаралды
фото: www.baribar.kz

Бауырлас қырғыз елінде тағы дүрбелең. Желіде көршімізге қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Қырғыз халқының демократияға деген ұмтылысын қоштағандар да, мақұл көрмегендер де жетерлік. Пікірлердің арасында аста-төк жер асты байлығы болмаса да Қырғызстан сомының қазақ теңгесінен құнды екені, «Дордой» базары бүкіл Қазақстанды болмаса да, Алматыны киім-кешекпен қамтып отырғаны да айтылды. 

Бұл пікірлермен келіспеске лаж жоқ. Ұлттық банк бекіткен бағам бойынша қазақтың 1 теңгесі 5 сом 42 тиын тұрады. 

Ал, Қырғызстаннан киім-кешек көптеп әкелінетіні де жасырын емес. Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 934 миллион долларға жуықтаған. Оның ішінде Қазақстаннан бұл елге 624 млн доллардан астам сомаға тауар экспортталыпты. Ол еліміздің жалпы экспортының 1,1 пайызын құрайды екен. Ал, Қырғызстаннан импортталған тауар көлемі 315 млн доллардан асыпты, ол еліміздегі жалпы импорттың 0,8 пайызына пара-пар.  

Зерттеу барысында 6,5 млн халқы бар Қырғызстанның  өз өнімдерін алыс-жақын шетелдерге экспорттайтынын білдік. Төменде Қырғыз экспорты мен импортына қатысты Қырғыз Республикасының Статистикалық комитеті жариялаған деректерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Риза Исаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі