/

Ирандағы қандасымыз: онлайн домбыра үйренеміз, бірақ бізде домбыра жоқ

2386 рет қаралды

Zoom платформасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен шетелдегі қазақтармен онлайн кездесу өтті.

Кездесуге әр мемлекеттен барлығы 10-ға жуық қандасымыз қатысты. Ұйымдастырушылармен ашық сұрақ-жауап орнатылды. Қазіргі жағдайларын, неге мұқтаж екендерін жеткізді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Орталық аппарат кеңесшісі Қарлығаш Бекпатшақызы қандастардың коронавирустан амандықтарын сұрады:

– Құрметті қандастар, қалдарыңыз қалай? Сіздердің хал жағдайларыңызды білейік, коронавирустан амандықтарыңызға көз жеткізейік деп кездесу ұйымдастырдық. Елімізге келген қандастардың жағдайын біліп отырамыз. Ауру сырақаудан аманбыз. Қолымыздан келгенше қажет дүниелерді жасап, қол ұшын беріп жатырмыз. Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз. Шетелде достық мәдени ұйымдар ашылып жатыр. Егер қазақ тілінде журнал, басылымдар қажет болса айтыңыздар, біз жіберейік, – деді Қарлығаш ханым.

Иран мемлекетіндегі Асқар есімді қандасымыз онлайн домбыра үйреніп жатқанын айтты. Алайда Иранда домбыраның болмауынан тек теориямен шектелуде:

– Коронавирус Қытайдан кейін Иранға келді. Қазір үшінші толқын басталды. Қазір өте қиын. Қайтыс болған адамдарды көметін адам таба алмадық. Бұл вирустан аман шығуды нәсіп етсін. Бізде бірнеше жаңалық бар. Иранда Абай үйі ашылды. Қазақ тілінде байқау ұйымдастырылды. Иранда 7000-ға жуық қазақ бар. Бізге қазақ тілінде кітап, журнал керек еді. Қазір онлайн домбыра сабақтары жүргізіледі. Алайда бізде домбыра жоқ. Домбыра алдырту мүмкіндігі бола ма?

Қандас Асқар мырзаның сұрағына ұйымдастырушы Қарлығаш Хошамуратова жауап берді:

– Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Үйренемін деген ниеттеріңізге нұр жаусын. Астанамызда Қытайдан келген Айбат есімді азамат бар. Домбыра жасаумен айналысады. Бағасы 50-100 доллар аралығында сатылады. Тапсырыс береміз десеңіз ол жігітпен байланыс жасап, сіздерге жеткізуге көмектесейік. Бір амалын табайық. Өз тарапымыздан 1-2 домбыра сый жасай аламыз. Келесі жылы бюджетке енгізсе болады. Ойлану керек. Домбыра да өте қажет. Жеке аламыз десеңіздер ол жігітпен жеке байланыссаңыздар болады. Қазіргі онлайн оқуды пайдаланып, қазақ тілін сақтап қалуға тырысайық. Электронды қазақ тілді оқулықтар өте жақсы мүмкіндік. Үйдегі келіншектеріңіз қазақша сөйлесін. Тілден айырылсақ ұлт болмаймыз. Елімізде этникалық қазақ балалар мектепте, ЖОО-да еркін білім алуға құқылы, – деді Қарлығаш Бекпатшақызы.

Өзбекстандағы қандасымыз Ирандық қандастың ұмтылысына қуанып, домбыра үйрену үшін 10 диск сыйға тартатынын айтты. Бұл дискте домбыраны толық үйреніп шығуға болады дейді:

– Біз домбыраны үйренуге мүмкіндік беретін диск жасап шығарған едік. Мен Ирандағы бауырыма 10 диск сыйлаймын. Өзбекстанда Абайдың 175 жылдығана орай сайыс ұйымдастырылып жатыр. Осы айдың 30-ы 5 тілде Абайдың өлеңдері оқылады. Өзбекстанда Абай үйі тұрғызылды. Сіздердің тараптарыңыздан 300 кітап алдық. Бұл жасағандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Өзбекстандық қандас.

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Ақмола облысындағы басшысы Алтын Мәденқызы қандастардың тағы бір жетістігін айтып қуанды:

– Қытайдан 15 отбасы Ерейментауға көшіп келді. Қазір сол жерге тұрақтаған. Ерейментаудағы ауылдық мектеп жабылғалы жатыр еді. Қандастар келгені үшін мектеп жабылмай қалды. Бұл да бір жақсы жаңалық деп есептеймін, – деді Алтын ханым.

Ұйымдастырушылар кездесу барысында айтылмаған мәселе болса, қойылмаған сұрақ қалса әрқашан онлайн байланыста болатындарын ескертті. Кездесу модераторы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз-хатшысы Сырымбек Төлеуұлы болды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі