/

Қарашаның алғашқы бейсенбісі – мектептегі әлімжеттік пен зомбылық көрсетуге қарсы күрес күні

1847 рет қаралды
фото: liter.kz
2020 жылы Қарашаның алғашқы бейсенбісі ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында мектептегі әлімжеттік пен зомбылық көрсетуге қарсы күрес күні деп белгіленіпті.
– мектептегі әлімжеттік пен қысым көрсету, сондай-ақ, кибертравлю балалардың қорғансыздық және қорқыныш сезімін тудырады.
– мектептегі қысым барлық мемлекетте бар және оқушылардың 32%-ін қамтиды.
– мектептегі әлімжетік және қысым көрсету тікелей және жанама сипатта көрініс табады. Әрі оның қоғамның дамуын тежейтін ұзақмерзімді салдары бар.
Қазақстанда мектептегі әлімжеттіктің сыртында, тұрмыстық зорлық зомбылық, бала құқығын бұзу секілді дүниелер онсыз да күн тәртібінде тұр.
Елімізде «Бала құқығы Декларациясы» және ҚР «Балалар құқығы туралы» заңдар бар. Бұл декларация 1948 жылы 10 – желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 – тарау, 53 – баптан тұрады.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің Бала құқығын қорғау жөніндегі Комитеті жұмыс істейді.
Балалар құқығы жөніндегі Өкілетті өкіл Аружан Саин.
Бұдан өзге қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық белсенділер де осы мәселеде біршама іс атқарып жүр.
Ақпарат іздеу барысында «Нұр Отан» партиясының жанындағы Бала құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 111 шұғыл қызметі бар екеніне көзіміз жетті. Егер сіз балалар құқығының аяққа тапталғанын немесе отбасылық зорлық зомбылыққа тап болсаңыз осы нөмірге звондап хабарласа алады екенсіз. Барлық қоңырау тегін әрі құпия.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,