//

Қашықтан оқудың артықшылығы мен кемшілігі 

3368 рет қаралды

Global Market Insights, Inc мәліметтері бойынша, ғаламдық онлайн білім берудің әлемдік нарығы 2018 жылы 190 миллиард долларды құраған. 2019 жылы – 205 миллиард доллармен өлшенді. 2025 жылға қарай 300 миллиард долларға дейін өседі деп болжанған.

“East-West Digital News” онлайн-білім беру нарығын зерттеуі бойынша қазір әлемдік онлайн білім нарығының көлемі 4,5-5 трлн доллар.

Бұл статистика әлемдік деңгейде онлайн білім алудың жылдан-жылға дамитынын көрсетеді. Adme.ru ғалымдардың 20-30 жылдан кейінгі болжамын алға тартады.

“Қазір білімге деген көзқарас тез өзгеруде. Енді сіз кез-келген нәрсені қашықтан біле аласыз. Білім беру процесі жекеленіп, оқу бағдарламасы анағұрлым кеңейді. IT технологияларды қолданатын оқытудың жаңа әдістері де қарқын алуда. Сондықтан кәдімгі мұғалімдердің орнын “білім беру онлайн-платформаларының үйлестірушісі”, “тәрбиеші” және “ойын мұғалімі” сияқты мамандықтар алмастырады. Жақсы ұстаздар әрдайым жоғары бағаланады. Алайда оқытудың жаңа әдістері бұл мамандықтарға әр түрлі жаңа талаптар қояды”. Бұның барлығы дерлік қашықтан оқудың артықшылықтарын айқындайды. Жаңа технологияға бейім болу қажет екенін пандемия дәлелдеді.

Қашықтан оқудың артықшылығы/кемшілігі жайлы ұстаз бен шәкірттің ойы қандай? 

Қашықтан оқудың қиындығы пен мүмкіндігін ұстаздан артық ешкім білмейді. Шымкент қаласы “Курсант” білім беру орталығының ұстазы Бексеит Қадырбайдың айтуынша қандай форматта білім берілсе де білім сапасы ұстаздың өзіне байланысты:

– Менің ойымша, кез келген жерде жақсы мен жаман қатар жүреді. Алайда, осы қашықтан білім беруде жақсылықты асырушы ол-мұғалім. Неліктен? Себебі, мұғалім сабақты дұрыс ұйымдастыра алса, оқушылармен жақсы жұмыс істей алса, оларды сабаққа қызықтырса, онлайн сабақ оффлайн сабаққа қарағанда әлдеқайда тиімді болар еді. Ұстаз ретінде қашықтан оқудың 3 артықшылығын айтар едім. Әр оқушымен жұмыс; Әр сабаққа оқушыларда тыңғылықты дайындықтың болуы; Өз бетінше ізденіс. 

Ұстаз сонымен қатар тек артықшылығын емес, кемшілігін де көрсетті:

– Қашықтан оқудың кемшіліктері: Жалқаулыққа алып келуі; Өзгеден көшіріп соны жібере салады; Білім алуға құштарлығы жоқ; Сабақ оқимын деген сылтаумен ұялы телефонды ұстап әлеуметтік желілерде отырады. Осындай дұрыс емес тұстары бар деп айтар едім, – дейді мұғалім.

Қашықтан оқу оқушыларға қандай әсер қалдырып жатыр? Бұл сұрақты мектеп оқушысына қойып көрдік.

Алматы облысының тұрғыны, 11 сынып оқушысы Юсуф Жарқынбекұлы жеке білім алған күрделі дейді:

– Қашықтан оқудың артықшылығы мектепке барып шаршамайсың. Үйде отырып оқисың. Ата-анаңның жанында еркін білім аласың. Кемшілігі сабақты түсіну қиындық тудырады. Себебі мектепте тақтаға шығасың. Ойыңды ұстаздың алдында айтасың. Үйде өз-өзіңмен білім алғанда қабылдау күрделі.

Технологияның дамыған заманында тек оқушының жан-жақтылығы емес, ұстаздың да барлық өзгеріске икемді болу қажет екенін білдік. Жоғарыда көрсеткеніміздей қашықтан оқудың өз артықшылығы мен кемшілігі бар. Алайда қажеттілігі мен артықшылығы басым екенін көрдік.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар