//

Білім берудегі теңсіздік: Қазақстандағы отбасылардың тек жартысы ғана жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізген

1752 рет қаралды
фото: mail.kz

Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны – 23. Орталық Азия елдеріндегі зерттеушілер аймақтағы қашықтан оқыту мен білім жүйесін пандемия жағдайына бейімдеуді зерттеу мақсатында біріккенін хабарлайды.

Ресми дерек бойынша, 2019 жылы Қазақстан мектептеріндегі 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді екен. Ал жоғарғы жылдамдықтағы интернет тек 47% отбасында ғана бар.

Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауатының төмендігі мен тиімсіз оқу жүйесі елдегі білім берудегі теңсіздікті одан ары үдетті. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, қауіпті жағдайларда аз қамтылған, алыс аудандардағы, ерекше күтімді қажет ететін топтар қалды. Оның себебі айтпаса да белгілі.

Қазақстандағы және аймақтағы білім беру мен теңсіздік жайлы айтқанда сарапшылардың жағдайды сараптау және ынтымақтастық негізіндегі пікірлері толыққанды қамтылмайды. PaperLab Қоғамдық қорының зерттеушілер командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің қабылдап жатқан шараларының тиімділігі мен рөлін бағалау бойынша трансшекаралық жобаны бастады.

Әр елдегі сарапшылар постпандемия өтпелі кезеңіндегі мықты және әлсіз тұстарды анықтай отырып, аймақтағы экономикалық теңсіздік пен білім берудегі қолжетімділіктің байланысы жөніндегі пікірталасты арттырады деп күтілуде.

Жоба аясында Білім берудегі теңсіздік индексі әдіснамасын жасау жоспарлануда. Ол аймақ елдерін бір-бірімен салыстыруды ғана емес, артта қалған салаларды анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аталмыш проблемаға аудартуға тырысады.

«Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту» жобасы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Зерттеудің мазмұны авторлардың көзқарасын білдіреді және Қор көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жобаның медиасеріктесі – MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі