//

Парламент сайлауы – 2021: Халықаралық бақылаушылар не дейді?

1900 рет қаралды

Сайлау қорытындысымен келіс, келіспе, сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы алдын ала қорытындыларды жариялады. Қазақстандық бақылаушылар сайлау барысындағы кемшіліктерді тізбелеп айтып жатыр, ал халықаралық бақылаушылар не дейді? Олар кім еді?

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Қазақстандағы Парламент Мәжілісіне сайлау заң талаптарына сай, сайлау нәтижелеріне әсер ететіндей заң бұзушылықтар болмады деген мәлімдеме жасаған.

“Миссия Қазақстандағы сайлау Сайлау заңнамаларының талаптарына және халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелеріне сай өтті әрі сайлау нәтижесіне әсер ететіндей заң бұзушылық болмады деп есептейді”, – деп жазады бұл туралы РИА Новости.

Миссия сайлау шынайы әрі демократиялық түрде өтті, оның заңдылығы ешқандай күмән тудырмайды деген пікірде. Сондай-ақ, миссия елде саяси бәсекелестіктің қалыптасқандығына назар аударған.

ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) бақылаушыларының қысқа мерзімді миссиясының арнайы үйлестірушісі және жетекшісі Кристиан Вигенин  сайлау барысы пандемияға қатысты қиындықтарға қарамастан техникалық тұрғыдан аса тиімді жасақталған деп есептейді. Алайда, оның пікірінше, сайлауда саяси бәсекелестік болмады. Бұл саяси реформалардың қажеттілігін көрсетеді.

“Сайлау ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сай  өтуі үшін заңдық база әлі де жетілдіруді талап етеді. Жүйелі кемшіліктер әлі де бар. Әрине, пікір алуандығы біраз өскендігіне қарамастан, кампания бәрібір сайлаушылардың ақпараттық таңдау жасауын тарылтып жіберген. Кейбір шаралар отандық бақылаушылардың тиімді бақылау жасауына мүмкіндік бермеді. Дауыс беру барысы тиімді ұйымдастырылғанымен, сайлау күні көптеген процедуралар мен аспектілердің ашық болуына мүмкіндік берілмеді.

Бізді сайлау өткізілген саяси орта қатты алаңдатады. Алдыңғы сайлаулардан кейін біраз оңды өзгерістер болғанына қарамастан, әлі де жиналу және қауымдасу еркіндігіне шектеулер қойылған.

Бұл шектеулер партиялар мен үміткерлердің тіркелу мүмкіндігін шектеді әрі азаматтардың таңдау еркіндігіне қол сұқты”  – деген  Кристиан Вигенин брифингте.

БДИПЧ-тің сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясының жетекшісі   Ярослав Доманьски: “Біз мұнда елдің көрікті жерлерін тамашалау үшін келген жоқпыз, біз сайлау процесін бақылау үшін келдік. Бұл процестегі барлық пікір ескеріледі. Біздің есебіміз алуан пікірдің негізінде дайындалады” дегенді қосты.

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылар миссиясының мүшелері сайлау комиссияларының жұмысына қатысты ешқандай заң бұзушылық пен шағым түспегенін айтады.

“Біз 49  сайлау учаскесінде болдық. Ешқандай заң бұзушылық болмады. Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған”, –  деді Мемлекеттік Думаның ТМД  ісі, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылары миссиясының мүшесі Умахан Умаханов.

Оның айтуынша, пандемияға орай Қазақстан сайлау учаскелерінде қорғаныс заттарын, перчатка, бетперде және антисептиктер қойылған. “Қазіргідей қиын заманда Қазақстанда сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Меніңше, басқа елдер Қазақстанның тәжірибесін қолданатын болады”, – деді ол.

Ресей  Федерация кеңесінің халықаралық істер жөніндегі Федералдық жиналысы комитеті төрағасының орынбасары, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылары миссиясының мүшесі  Баир Жамсуев сайлау туралы:

“Сайлау барысында біз барлық саяси партия штабының өкілдерімен кездестік. Біз сайлау комиссияларының жұмысына шағымданған немесе сайлау алды кампаниясы кезінде мемлекеттік билік органдары тарапынан келтірілген кедергі жайлы ештеңе естімедік. Сондықтан, біз есебімізде ешқандай заң бұзушылық пен шағым жайында айтқан жоқпыз”, – деді ол.

Жамсуев “миссия сайлаудың ұйымдастыру барысы өте жоғары деңгейде, халықаралық нормалар мен Қазақстанның сайлау туралы ұлттық заңдарына сай өткенін бағалайды” дегенді қосып айтты.

ТМД бақылаушылары миссиясы да сайлау барысының толықтай заң аясында өткенін мәлімдеді. 

“ТМД-лық бақылаушылар сайлау нәтижесіне әсер ететіндей заң бұзушылықты байқамады. Миссия барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары билік органдарымен бірлесе отырып сайлауды аса жоғары деңгейде өткізгенін байқады.

ТМД бақылаушылары Қазақстан Мәжілісіне сайлау көп партиялық негізде, ашық, әділ, бәсекелестікке қабілетті, демократиялық сайлауды өткізуге қатысты жалпы қалыптасқан қағидаттар негізінде өтті деген қорытындыға келіп отыр. Сайлау Қазақстан Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сай өткізілді. Ел азаматтарының еркін таңдау құқығын қамтамасыз етті”, – деді ТМД бақылаушылары төрағасы  Виктор Бондарев.

11қаңтарда Орталық Сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алғашқы қорытындысын жариялады. Ол бойынша Мәжіліске үш саяси партия өтеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері