////

Алматының экологиясы не болады?

1317 рет қаралды
Алматыда қазір экологияны бүлдіріп тұрған төрт негізгі нәрсе бар екен: автокөлік – барлық зиянды қалдықтың 52% тиесілі, ТЭЦ-2 – 26%, жеке сектор 14%, ТЭЦ-3 – 8%. Және тағы бір нәрсе соңғы жылдары қалада желдің жылдамдығы азайған. Биік тұрғын үйлердің тығыз, көптен салынуының салдары. Дұрыс ауа алмасуы үшін жылдамдық 2-3 м/с болуы керек. Алматыда соңғы он жылда 0-2 м/с. 1978-1990 жылдары 11-12 м/с болған екен. Бұл жағынан Экология министрлігінің ұсынысымен бас жоспарға биыл өзгеріс енгізілмек екен. Әрі жел бағытына зерттеу жасалмақ.

МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ҮШІН НЕ ІСТЕЛЕДІ?

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша экологияны жақсарту үшін 22 шара қарастырылған. Оның ішінде ТЭЦ-терді, жеке секторды, автобустарды газға көшіру, транзиттік көліктерді кірігізбеу, көгалдандыру негізгілері.
Мұның ішінде дизельмен жүретін автобустарға былтыр тиым салынған. Бәсе, соңғы кезде байқалмайды.
Көктемде қаланың кіре берісіне 19 экопост орнатылып, кірген көліктер тексеріледі. Меніңше болашақта транзиттік көліктерді мүлдем кіргізбейтін сияқты. Соған келе жатырмыз.
Әйгілі ТЭЦ-2 қарайтын «АлЭС»АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Мухамед-Рахимовтің айтуынша ТЭЦ-2 2025 жылы газға көшіріліп болады. ТЭЦ-3 қашан көшірілетіні белгісіз, құжат, қаржы жағы шешілуі керек, бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз, деді.
Министр Мағзұм Мырзағалиев “ТЭЦ-2 орнына жаңасын салсаңыздар қайтеді”, деп сұрап еді, мүмкін емес, оған алаң жоқ, бұрыннан келе жатқан жүйені тоқтатып жаңасын салу қиын, дейді АлЭС басшысы.
Қаламызда 1848 жеке үйге газ тартылмаған екен. Оның тағдыры 2022 жылы шешіледі деп жоспарлануда.
Бұл туралы жаңа Экологиялық кодексті қала жұртшылығымен талқылау туралы жиында айтылды. Алматыға Мағзұм Мырзағалиев бастаған экология министрлігінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері келіп Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндірді.
 Өткен жылы тамызда Үкімет Алматының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешудің Жол картасын бекітілген. “Жаңа экологиялық кодекс пен осы Жол картасының аясында Алматының экологиясы жақсаруы керек”, деді жауаптылар.
Алматыда ағаш қырыққыштар көп. Жаңа Экологиялық кодексте қырыққыштарға айыппұл 8 есеге, автокөлігі түтіні нормадан артықтарға 5 есеге, орман қорына кіретін, орман қорына кірмейтін, арнайы күзетілетін аймақтардағы жасыл желектерді қырыққандарға да айыппұл көбейген. Бұл да егжей-тегжейлі айтылды. Жиын ТЭЦ-2-де өтті.
Ербол Азанбектің фейсбук парақшасынан
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар