//

Алматыда ірі есірткі саудагерлері тобы ұсталды

1289 рет қаралды

Сәуірдің 21-інде Алматы қаласында 21-30 жас аралығындағы 10 адамнан тұратын ірі есірткі тобы ұсталды. Абай мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы бизнес орталықта есірткі тобының қатысушыларына қатысты арнайы операция жүзеге асты, – деп хабарлады Tengrinews жаңалықтар порталы. 

Берік Әбілбеков, Алматы полиция Департаменті басшысының орынбасары:

«Азамат есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының назарына 2020 жылдың қыркүйек айында ілінген. Мәліметтерге сәйкес топ бірнеше ай бойы синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Ұсталған азаматтардың қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Топта әр адамның «рөлі» нақты тағайындалған. Екі ер және бір әйел адамнан тұратын топ  логистикалық компания арқылы Ресейден синтетикалық есірткі өндірісінің компоненттерін жеткізуге жауапты болған. Екі жас «кассир» өтініштерді қабылдау және кепіл берушілермен жұмыс үшін жауап берген. Тағы төрт ер адам қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жұмыс істеген есірткі кепілгерлері»

Топ жетекшісі – MM Entertainment компаниясының продюсері, бұрындары да қызметкерлерінің, MM shop дүкенінің, MM dance studio (би студиясы) табысын қалтасына басты деген күдік бар.

Ұсталған топтың жетекшісі 27 жастағы республика азаматы болып шықты. Анонимді дереккөздерге сүйенсек, топ жетекшісі 4 мемлекетке жұмыс істеген: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан. Арнайы топ қала сыртындағы жалға алынған үйден тыйым салынған заттар мен аппараттар тапқан:

Күдіктілерді ұстау барысында куәгерлер бизнес орталықтың жанында болып, көлікте отырған. Арнайы операция аяқталмайынша көліктен шыға алмаған орталық қонағы болып жатқан жайтты видеоға түсіріп желіге жүктеген:

Бұған  қатысы бар деп танылған 10 азамат та  ұсталды. Синтетикалық есірткіні өндіру үшін тұрғын үй жалға алынғаны анықталды. Тінту нәтижесінде белгілі иіске ие ақ ұнтақ пакеті, өсімдік тектес жасыл ұнтақ салынған пакет тапқан.

Ұсталғандардың айтуы бойынша, тәркіленген «мефедрон» атты есірткі. Тәркіленген заңсыз заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Ажар Туралиева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,