//

Биыл ғылымды қаржыландыруға бюджеттен 71,6 миллиард теңге бөлінген

1977 рет қаралды
фото: Новости науки

Бүгін ғылым қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай Мінбер.кз сайты Қазақстандағы ғылым саласындағы басты мәлеметтерді оқырмандармен бөлісуді жөн көрді.

Қазақстандағы ғалымдардың 34%-ы 35 жасқа толмаған жастар

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда 21 782 адам ғылым саласында жұмыс істейді. Зерттеушілердің 35%-ы ғылыми немесе академиялық дәрежеге ие. Олардың арасында 1697 адам ғылым докторы, 4165 адам ғылым кандидаты, 1340 адам PhD докторы болса, 293 адам бейін бойынша доктор лауазымын алған.

Ғалымдардың 34%-ы – 35 жасқа толмаған; 43%-ы – 35 жастан 54 жасқа дейінгілер; 25%-ы – 55 жастан асқандар. Әйелдердің үлесі –  53,8%, ерлер үлесі – 46%.

2020 жылы ҒЗТКЖ-мен айналысатын кәсіпорындардың саны 373 болды. Оның 87-сі мемлекеттік секторға, 94-і жоғары кәсіптік білім беру саласына, 159-ы кәсіпкерлікке және 33-і коммерциялық емес секторларға жатады.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің 1034 субъектісін аккредиттеді, олардың 626-сы заңды және 408-і жеке тұлға.

Ғылымға жалпы ішкі өнімнің 1 пайызы берілетін болды

 Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ- нің 1%-ына дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ғылымға республикалық бюджеттен қаражат он салалық орталық мемлекеттік органға бөлінді. Білім және ғылым министрлігімен қатар олар – ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология, геология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сауда және интеграция министрліктері.

Соңғы екі жылда ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру екі есеге жуық өсті. Мәселен 2020 жылы – 50,1 млрд. теңге болса,  2021 жылы – 71,6 млрд. теңгеге жеткен. Бұрын Білім және ғылым министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған  конкурстары үш жылда бір рет өткізілсе, 2020 жылы гранттық қаржыландыру бойынша 5 конкурс өтті. Осылайша, білім және ғылым министрлігі Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 56,7 млрд. теңге болатын 10 басым бағыт бойынша 1160 ғылыми зерттеуді  қаржыландырды.

2020 жылы гранттардың жаңа түрлері енгізілді. Алғаш рет енгізілген бұл грант көптеген перспективті ғылыми идеяларға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл гранттар шағын (5 миллион теңгеге дейін) және жеке (бюджеті бір ғалым үшін 5-тен 8 миллион теңгеге дейін) гранттар нәтижесі рецензияланған басылымдағы бір мақала болуы тиіс жобаға бағытталады. Зерттеу жүргізіп, осы мақаланы жариялағаннан кейін ғалым зерттеу тобының ғылыми басшылығына үміткер бола алады және келесі жылы қаржыландыру көлемі көбірек грант ала алады. Гранттың бұл түрінде сомасы қомақты өзге де жобалар бар.

 

Ғылыми ұйымдарды жаңғырту және институционалдық дамыту қолға алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы алғаш рет БҒМ-нің 23 ғылыми ұйымын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2,8 млрд. теңге бөлінді. Ғылыми ұйымдар заманауи жабдықтардың 469 аталымын сатып алды. Ғылыми зерттеу институттарын одан әрі жаңғырту мақсатында 2021-2022 жылдарға 7,7 млрд. теңге сомасында шығындар жоспарланып отыр.

Бұл шығындар Жану проблемалары институтын (1987 жылы салынған), Зоология институты (1986 жылы салынған), Маңғыстау ботаникалық бағы (1987 жылы салынған) нысандарды жөндеуге де жұмсалмақ.

ҚР Үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасында ратификацияланған Келісімді орындау мақсатында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы құрылды.

Сонымен қатар еліміздің ғылым саласы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Генетика және физиология институты және Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу аясында Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан «Абай академиясымен толықты»

Ғылымның құқықтық базасы жетілдірілуде

2020 жылы ғылым саласына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің 4 Жарлығы, ҚР Үкіметінің 20 қаулысы; Премьер-Министрдің бір Өкімі және ҚР Білім және ғылым министрінің 5 бұйрығы әзірленіп, қабылданды.

2020-2021 жылдары ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген барлық өзгерістердің негізгі мақсаты барлық процестер үшін нақты критерийлерді енгізу, ғылымды басқару жүйесінің негізгі институттарының ашықтығын арттыру, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, бюрократиялық кедергілерді жою, ғылыми жетекшілер мен орындаушы ұйымдарға үлкен өкілеттіктер беру және басқалар болды.

Сонымен бірге, қолданыстағы Заң аясында ғылымның көптеген өзекті мәселелерін шешу мүмкін емес.

Сондықтан қазір Білім және ғылым министрлігі ғылыми қоғамдастықпен өзара әрекет жасай отырып, ғылым туралы жаңа заң жобасын дайындайтын болады, онда қазақстандық ғылымның барлық ең өткір мәселелері, атап айтқанда: базалық қаржыландыру шеңберінде ғалымдарды қосу және олардың еңбегіне лайықты ақы төлеу мәселелері; конкурстық рәсімдерден тыс іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыруды енгізу; қазір қолданыстағы Заң 36 айға дейін шектеген гранттық қаржыландыру мерзімдерін 60 айға дейін ұзарту; ғалымдарға арналған «әлеуметтік пакетті» енгізу, ғылыми тағылымдамалар, жабдықтарға мега-гранттар бөлу; салықтық преференциялар; жер қойнауын пайдаланушылар аударымдарының 1%-ын ғылым мұқтаждықтарына пайдалану және басқалары.

Ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен ауқымды өзара әрекеттестікте алдағы бес жылға арналған ғылымды дамыту жөніндегі Ұлттық жоба әзірленуде.

Ұлттық жобаның мақсаты – ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғылымды тарту және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін арттыру. БҒМ ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі жобалық кеңсе құрды, онда 6 отырыс ұйымдастырылып, өткізілді, олардың әрқайсысына ғылыми қоғамдастықтың жүзден кем емес өкілдері қатысты.

Сондай-ақ 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына ғылыми тағылымдамаларға жіберу, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға бір мың грант беру; жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, жер қойнауын пайдаланушылар ғылымды қаржыландыруға бағыттайтын пайдалы қазбаларды өндіру шығындарының 1%-ы мөлшерінде қаражатты бөлуді қамтамасыз ету және т.б. бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі