/

Театрдан Ғазиза- ғұмыр көшті

936 рет қаралды
фото: Тенгриньюс

73 жасқа қараған шағында көрнекті театр-кино актрисасы, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА қайтыс болды.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келді. Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтын бітіріп, өнер жолын Республикалық Балалар мен Жасөспірімдер театрында (қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық театр) бастады. Шеберлік ұштап, жақсы тәжірибе жинақтаған, көрермен қауымға танылған актриса 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына ауысып, өмірінің соңына дейін қара шаңырақ сахнада өнер көрсетті.


Театр мен кино саласында қатар өнер көрсеткен актрисаның қазасына көңіл айтқан әріптесі Бекжан Тұрыс фейсбук парақшасында былай деп жазды:
“Күліп отырып бір демде жылай салатын, қуанып жүріп өкпелей алатын сәби мінез жан еді ғой Ғазиза апа…
Таңы театрмен атып, күні киномен батып, адам баласын ренжітпейтін мейірімді, ешкімнің бетінен қақпайтын жанашыр, сондай-ақ өзіне ғана жарасатын еркелігі басым, табаныңның астына ақ жүрегін төсей салатын ақ көңіл, адал жан еді. Ұлттық театр осындай артисінен айырылып қалды. Қазақ өнері Ғазизадай актрисасын жоғалтты… Апамыздың есімі қазақ театр тарихында қатталып қалары хақ. Оған оның төккен тері, еткен еңбегі әбден лайық. Кинематография мен телевидение қорында сақталып қалған ойлы бейнесі мен дауысы лайық. Әбден лайық! Жаныңыз жаннатта болсын, Ғазиза апа.”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,