////

Елді есеңгіреткен «пневмония» сәбилерді де аяп жатқан жоқ

3465 рет қаралды
фото: CM doctor

Коронавирус инфекциясымен бірге келген пневмония дерті талай адамның ажал құшуына себепкер болғаны белгілі Соңғы кезде бұл дерт жас сәбилерді де шыр айналдыра бастағандай. 

«2021 жылдың басынан бері менің бір жарым жасар қызым ауруханаға екі рет жатып шықты. Сондағы диагноз өкпе қабынуы. Күні бойы еш алаңсыз жүгіре ойнаған балам ұйқыға кете салысымен ыстығы көтерілді. Дене қызуы 39.0. Таңертең  жедел жәрдеммен ауруханаға жеттік. Жеткенше жәй тұмау шығар деген үмітте едім, өкінішке орай өкпесі қабынған деді дәрігер. Қайда? Қашан? Білмеймін. Балаларды бірнеше сағаттың ішінде сұлатып түсіретін бұ не деген дерт?» дейді біздің бүгінгі кейіпкер, қос перзенттің анасы Арай.

«5 балам бар. Өмірі ауырып көрмепті. Аурудан қорлықты кішкентайымнан көріп  жатырмыз. Міне осымен екінші рет түсіп тұрмыз ауруханаға. Неліктен бұлай болып жатыр, ауыртпауға тырыссам да болар емес» дейді көпбалалы ана Айнамкөз.

Жалпы қазіргі ахуалдың жәй жапсарын білу үшін, өскелең ұрпақпен жұмыс жасап жүрген жас маман, учаскелік медбике, Талдықорған қалалық ХАК медициналық орталығының қызметкері Орысбаева Меруерт Саятовнамен сұхбаттасып қайттық:

«Өкпе қабынуы әртүрлі жағдайдан болады. Бірақ қазір «пневмония» бұрынғыдан қарағанда көп тіркеліп жатыр. Көбіне қазір ата-аналар коронавируспен ауырады. Біраз уақыт өткеннен кейін балаларында клиникалық белгілері пайда болады. Бірден рентгенге, компьютерлік томографияға түсіру арқылы баланың өкпесі қабынғанын анықтаймыз. Содан кейін міндетті  түрде әр бала стационарлық емге жіберіледі» дейді маман.

Толық ақпарат  үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалы,медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, балалар дәрігері Майра Айтуарқызы жауап берді:

«Неге балалар бөлімінде пневмония көп?:

1.Ата аналар қауіптіліктің жалпы белгілерін білмейді.

2.Шұғыл арада дәрігерге қашан қаралу керегін білмейді.

3.Иммундық фондық жағдайлар: анемия, салмағы аз бала, емшек сүтін ембеген, шала туған балалар, қосалқы аурулары бар балалар да пневмонияға тез шалдығады.

Ал енді ата аналарға ҚЖБ кім үйретпеген? Әрине емхана, учаскілік медбикелер, дәрігер.

Ол қандай белгілер: қызба, ембейді немесе нашар емеді, тамақтан бас тарту, бала әлсіз солғын, есі анық па жоқ па, жөтел бар ма, тыныс жиілігі қанша, оны қалай анықтайды? Бұның барлығын емханада дені сау баланың дамуы туралы кабинет бар, сол кабинетте кеңес алу керек, видеороликтер, тіпті қалай тамақ дайындау керек, қалай емізу керек, қалай ойнату керек, бәрін айтуға міндеттелген кабинет , іші ойыншықтарға толы кабинет бар екенін бірі білсе, бірі білмес.

Бала туғаннан 5 жасқа дейін арнайы универсалды патронаждық модель бойынша үйретілген тәжірибелі медбике не дәрігер кеңес беруге міндетті! Емхана тек ауырған кезде баратын жер емес, анасына үлкен қолдау білдіретін көмекші болуы керек. Учаскелік патронаждық медбике сол кабинетке жетектеп апарып анасына видеороликпен, не сол жердегі көрнекі құралдар бар қуыршақтарға  дәрі дәрмектер арқылы  алғашқы көмек қалай көрсету керек, соның барлығын түсіндіруі тиіс. Тыныс жиілігін санай аламыз ба, жоқ! Дене қызуы көтерілгенде көп мөлшерде жылы сұйықтық ішкіземіз бе, жоқ! Бірден парацетамол береміз баланың аурумен өздігінен күресуіне кедергі келтіреміз. Немесе ғаламтордан қарап түрлі БАД-тар береміз. Олай болмауы керек. Қатаң медициналық көмекке жүгіну керек. Ал пневмония атүсті қарайтын, жәй жеңіл ауру емес. Оның мылқау симптомсыз да түрі бар, оны тек білікті маман біледі. Емі қатаң түрде стандарттарға клиникалық хаттамаларға дәлелдеу базасы бар дәрілермен емделу керек. Егер ол бактериалды пневмония болса антибиотикпен, егер вирусты болса вирусқа қарсы дәрімен емдейді. Дәріге сезімталдықты тексереді.

ДДСҰ мәліметі бойынша өкпе ауруы өлім жітімге әкелетін ерте жастағы балалық шақтағы өте жиі кездесетін ауру. Қоздырғышына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: вирустық, стрептококктық, микоплазма, пневмококк, Клебсиела, т.с.с.

Туа біткен түрі де болады: егер жүкті кезде анасынан қандай да бір инфекция берілсе, оның қауіптілігі өте жоғары. Пневмонияны дер кезінде анықтап ерте емдеу шараларын жасаса қауіп жоқ.  Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал.» дейді дәрігер.

Арайлым Нұржанқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Жолдас Өрісбай, жарияланбаған сұхбат: Қазақстанда нарықтың еркін экономикалық негізде дамымай жатқандығы сөз бостандығын тежеуде

Америкада Мичиган мемлекеттік университетінің Журналистика мамандығының магистратурасын бітірген медиа маман Жолдас Өрісбай үнемі өз ойын фейсбук

Фишинг дегеніміз не?

Фишинг (Phishing) дегеніміз интернет арқылы жасалатын шабуылдардың бірі. Бұл шабуыл көбінде электронды пошта арқылы жасалады. Ондағы