///

Жәрдемақылар ипотека аларда табыс болып есептеледі

4122 рет қаралды
Фото: Өскен өркен

“Мінбер” ақпарат агенттігі осыдан біраз уақыт бұрын “Атаулы көмек: Жәрдемақы аларда табыс болады, үйге кезекке тұрарда қалыс қалады” атты мақала жариялаған болатын. Онда “Бақытты отбасы” бағдарламасына кезекке тұрар кезде  алтын алқа, көпбалалы, мүгедек балалары барларды өкімет  тұрақты түрде алатын жәрдемақының табыс деп есептелмейтіні,   ал «Атаулы  әлеуметтік көмекті» беретін кезде «сен балаңа жәрдемақы аласың»,- дейді де табыс көзі деп есептейтіні жайлы жазған едік. Біздің оқырмандарымыз үшін жақсы жаңалығымыз бар. 

2 пайыздық “Бақытты отбасы” ипотекалық бағдарламаға биылдан бастап стипендия, Атаулы әлеуметтік көмек, көп балалыға, мүгедектікке, мүмкіндігі шектеулі балаға, асыраушысынан айрылғанға берілетін барлық жәрдемақылар — табыс болып есептелетін болды.
“Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша үй кезегінде тұрған көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға Отбасы банкінен ипотека беріледі. 2019 жылы іске қосылған бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін Қарағанды облысында 600 отбасы баспаналы болды. Биыл облыста 300 отбасыға осындай мүмкіндік туады. 2021 жылы “Бақытты отбасы” бағдарламасына Қазақстанда 50 млрд теңге қарастырылған, оның 5 млрды Қарағанды облысына тиесілі.
Бұған дейін жәрдемақылар табыс болып есептелмейтін. Биыл барлық жәрдемақы отбасы табысы ретінде есептелетін болды. Бірақ оған қойылатын шарт бар.
— Жәрдемақы мен шәкіртақылар табыс болып есептелу үшін, ипотека рәсімделетін азаматтың соңғы алты айда тұрақты жалақысы болуы қажет. Табысы жетпесе қосымша екі гарант ала алады.
Ал ипотека рәсімдейтін азаматта тұрақты жалақы болмаса, онда ол отбасының жәрдемақылары табысқа есептелмейді. Оған тек жұбайы мен кәмелеттік жасқа толған балалары ғана гарант бола алады. Яғни ипотека алатын адам жәрдемақылары табысқа есептелуі үшін жалақы алуы керек,-дейді Отбасы банкінің Қарағанды облысындағы филиал маманы Айдын Төлеу.
Көбіне үй кезегіне әйел адамдар тұрады, олар бала күтімімен отырады, табыс таппайды. “Бақытты отбасы” үй кезегіне тұрған адамға рәсімделеді.

Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі