///

Тегін тренингке қатысам десеңіз

1507 рет қаралды

Құрметті қарағандылық әріптестер, сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!

Сіздерге айтар жақсы жаңалығымыз бар: 3-4 шілде күндері Қарағанды қаласында “Қазақстандық медиа желі” қоғамдық бірлестігінің белгілі медиа тренерлерінің қатысуымен конфликт сезімтал журналистика және басқа да өзекті кәсіби мәселелерге арналған тренинг ұйымдастырамыз.

Тренинг барысында біз көптеген кейсті қарастырамыз, ойнаймыз, медианың негізгі принциптері туралы баяндаймыз. Тренингте қарастырылатын негізгі мәселелердің ішінде смартфонға видео түсіру және монтаждау секілді тәжірибелік жаттығулар бар. Сондай-ақ, біз киберқауіпсіздік туралы ақпаратпен бөлісіп, журналистік материалдарды әлеуметтік желілерде кеңінен таратуға қажетті жаңа мультимедиалық форматтар жайлы баяндаймыз. Сарапшылармен онлайн қосылулар болады.

Сіздерді тренингке қатысу үшін онлайн мына онлайн өтінімді  толтыруға шақырамыз, онда байланыс ақпаратынан бөлек тренингтен не күтетініндеріңіз жайлы жазу қажет.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, екі топта өтеді. Орындар шектеулі, өтінім беріп үлгеріңіздер. Тренерлер: Есенгүл Кәпқызы, Жұлдыз Әбділда (қазақ тілінде), Бақтыгүл Бурбаева және Татьяна Голубцова (орыс тілінде).

Шара “АрселорМиттал Темиртау” АҚ қолдауымен ұйымдастырылады.

Өтетін орны: Hotel Cosmonaut, Қарағанды қаласы, Кривоуза көшесі 162-а

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі