///

Біз ұмытпаймыз! Біз ұлықтаймыз! Әділетсіздікке қарсы тұрған ерлердің рухы өшпесін! осындай ұранмен бір топ белсенді “Жаңалық” ауылына барып, қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етіп қайтты

3749 рет қаралды

31 мамырҚазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің біріжаппай саяси қуғынсүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.

“Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық” – деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай.

Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық жауапқа тартылды. Оның 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары да  болды.

31 мамыр күні жылдағы дәстүрмен, Алматы қаласында Алматылықтар Қарағайлы саябағына келіп, 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойды. Осылайша халық зұлмат жылдары қаза болғандардың рухына тағзым етті.

Ары қарай, «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен желтоқсандықтар Алматы қаласынан 40 шақырым жерде Талғар ауданына қарайтын  Жаңалық ауылына келді. Тарихқа үңілсек, сол кездері жүздеп, мыңдап атылған саяси  құрбандардың мүрдесін көлікке тиеп, Жаңалыққа жете бере көрінген шұңқырға аударып, көме салған. Оны ауыл маңында жүргізілген қазба жұмыстары айғақтайды. Кейбір деректер 4 мыңнан астам жазықсыз жанның сүйегі осы ауылда жатқанын растайды.
Бесжан Күмісбектегі,  Қоғам белсендісі:

– XX ғасырдың басында ашаршылық қазақты үш рет айналып соқты.  Және де бұл ашаршылық қолдан  ұйымдастырылған біздің ұлтқа жасалған геноцид еді. Бұны біз мемлекеттік деңгейде ресми түрде жариялауымыз қажет.  Өткенімізді қазіргімен байланыстырып, Ресейден өтемақы өтеп алмасақ та, бұл бізге ұлтымыздың ішкі бірігуіне және көптеген адамдарда қалған советтік ойлаудың стереотиптерін жеңуге ықпал етеді. Ресейге жалтақтауды қойып,  бейбіт елде қуғын-сүргінді тоқтату керек.  Біз сол ХХ ғасырдың бас кезінде берген боздақтарымыз аз болды ма?  Енді аз ғана халқымызды сақтап қалып білімді жастарға жол беріп,  жаңа мүмкіндіктерге жол ашуымыз керек. Біз ұмытпаймыз! Біз ұлықтаймыз! Әділетсіздікке қарсы тұрған ерлердің рухы өшпесін!

Жаңалық ауылында  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға жиналған халық көп болды. Абай университетінің бір топ студентіне жетекшілік етіп, ұйымдастырып әкелген Абай университетінің Филология және Түрік тілдері бөлімінде білім беру институтының тәрбие орынбасары Ерлан Исламбекұлы: 

– 2  жыл бұрын мен Түркия мемлекетінің шақыртуымен дәріс оқуға барған едім. Сол уақытта Ерен деген тарихшы жігітпен кездестім. Сонда ол, «егер Қазақстанға баратын болсам, бірінші – Түркістанға, екінші – Алматының түбінде бір 37-38 жылдары құрбан болған арыстардың жатқан жерлері бар екен ғой, соған барар едім» деді. Әрине, бар дедім. Сіздер соны қадір тұтасыздар ма, осындай күн болған деді. Әрине, жастардың бойына ерік,жігер қалыптастыру үшін осындай жерге алып келеміз. Қазір пандемияға байланысты саябырсып қалдық. Бұл жерде қазақта жатыр, орыста,поптарда. Соларды көру, тағзым жасау арқылы біздің ұрпақтың бойына өткенге құрмет жасау қалыптасады. Біз сондықтан осы мақсатта, тарихи жерлерге баруды көп ұйымдастырамыз. 31 мамырды – репрессия күні деп қана қараймыз. Шын мәнінде,сол кезеңдегі Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейффулинді, Ілияс Жансүгіровті, Б. Майлинді айдалаға алып кеткен жоқ. Оларды осы жерде атты, осы жерде жерледі. Демек, бұл жер – бізге қасиетті жер! Сондықтан, бұл жерге  кеше де, бүгін де, келешекте де тағзым жасау  – біздің парызымыз!

 Іле ауданы бойынша № 11 орта мектептің  6 б сынып оқушыларын ұйымдастырып әкелген сынып жетекшісі Балжан  Ахметжанова:

– Ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру арқылы оқушылардың Отанға, елге, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу қажет.  Қазақтың ұлы адамдарына, олардың еңбектеріне сүйіспеншілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу керек дейді.

Қаралы жиынның соңында, желтоқсандық белсенділер 2006 жылы болған «Шаңырақ оқиғасында» 18 жылға соттаған Арон Атабекке бостандық сұрап, «биылғы Қазақ елінің Тәуелсіздігінің көк байрағын көтерген Желтоқсан көтерілісінің – 35 жылдығына, мемлекеттің бізге сыйлаған сыйы болсын, Арон Атабекке бостандық берсін!» үндеу айтты.

Назерке Сексенбайқызы, Алматы облысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері