/

Шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлі көз жұмды

1242 рет қаралды
фото: www.inform.kz

Еліміздің ғылымына зор үлес қосқан шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы
Әбсаттар Бағысбайұлы көз жұмды.

Әбсаттар Дербісәлі 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
Ғалымның қазасына байланысты шәкірті Дүкен Мәсімханұлы Facebook әлеуметтік желісі арқылы қазақ еліне көңіл айтып ғалымның еңбегі жайлы жазды.
“Ардақты Алаш жұрты!
Қадірлі Қазақ елі!

Әйгілі шығыстанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздегі ЖОО мен дін істерінің бірегей ұйымдастырушысы, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлы шілденің 14-інен 15-не қараған түні фәни дүниеден бақилық мекеніне аттанып кетті.
Еліміздегі Шығыстану ғылымының негізін қалап, әрі оның дамуына күллі ғұмырын арнады. Атап айтқанда жас ғалым 1989 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің ашылуына тікелей мұрындық болды. Сондай-ақ Әбсаттар қажы Дербісәлі еліміздегі Мұсылмандар діни басқармасын ұзақ жыл басқарып, мешіттер санының өсуіне, имамдардың біліктілігін арттыру, дін басқару істерін жүйелеуге айрықша еңбек сіңірді.
Ұстаз ғалым ретінде академик Әбсаттар қажы Дербісәлінің алдынан неше жүздеген арабтанушы жас мамандар, 20-дан астам ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD докторлары түлеп ұшты.
Ғалым ретінде көптеген монографиялар мен оқулықтардың, неше жүздеген зерттеу еңбектерінің авторы.
Әбсаттар ағамыздың қазасы отандық ғылым-білім үшін орны толмас зор жоғалту….
Аяулы ағамыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Күллі Алаш жұртына, шәкірттері мен әріптестеріне, отбасы мен ұрпақтарына қайғыра көңіл айтамын.
Ағамыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын!”.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар