///

Вакцина алған студентке қандай жеңілдік бар? БҒМ қандай университеттер студенттерге жеңілдік көрсететінін жариялады

1498 рет қаралды
1
фото: we project.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ), Алматы:

  • Студенттер үйінде тұру үшін алғашқы үш айға жеңілдік;
  • Ыстықкөлге оқытушылар, қызметкерлер және студенттер үшін жеңілдетілген бағадағы жолдамалар;
  • Қазақстанның ішінде туристік сапарлар;
  • Қызметкерлер мен студенттерге университет асханаларында бір айға тегін тамақтануға талон;
  • студенттерге жол ақысы үшін қосымша төлемдер;
  • құнды сыйлықтар;
  • Қызметкерлер мен студенттерге ағылшын тілін үйренуге арналған сыйлықтар;
  • Ағылшын тілінен IELTS/TOEFL емтихандарын тапсыруға сертификаттар.

Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық  университеті (ЕҰУ), Нұр-Сұлтан:

  • сауықтыру орталықтарына 50 тегін жолдама;
  • Түркістан, Семей қалаларындағы тарихи орындарға тегін жолдамалар;
  • студенттік спорт орталықтарына тегін абонементтер
  • қазақ және ағылшын тілдерін үйрену үшін тегін сертификаттар;
  • Вакцина салдырған оқытушылар үшін ірі сауда орындарынан тауар алуға арналған 40  бағалы сертификат.

Нархоз университеті,  Алматы:

  • Вакцинация жасаған абитуриент үшін арнайы гранттар (бір курстың бағасын төлеу, егер талап етілген GPA сақталатын болса оны арықарай созу мүмкіндігі);
  • 2, 3, 4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін жекелеген гранттар (бір курстың бағасын төлеу, егер талап етілген GPA сақталатын болса оны арықарай созу мүмкіндігі);
  • Оқу бағдарламасына сәйкес (Curriculum) MBA-дің бір курсын (пәндер) тегін оқуға үш орын.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті:

  • Вакцина салдырған қызметкерлер мен оқытушыларға 30 мың теңге көлемінде бір жолғы сыйақы;
  • Студенттер үйіндегі бассейнге 50 пайыз жеңілдікпен жолдама;
  • 30 студентке туристік жолдама
  • үш ноутбук;
  • Вакцина салдырған студенттер арасында оқу ақысына 30%, 50%, 100% жеңілдік алу үшін ұтыс ойынын ойнату;
  • Ағылшын тілінің тегін курстары.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ), Алматы:

  • 100 білім алушы оқу ақысына 5 проценттік жеңілдік алады  (2021-2022 оқу жылы);
  • 50 студент 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады;
  • 50 білім алушы “Ұстаз” оқыту-өндірістік кешеніне жолдама алатын болады;
  • Бакалавриаттың 60 түлегі ағылшын тілінің курсына тегін сертификаттарға қол жеткізбек;
  • 20 білім алушы оқулық алуға 10 мың теңгеге сертификат алады;
  • 100 студент Abai Universityнің имидждік өнімдерінің жиынтығын алады.

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ):

  • “Вакцинация бойынша үздік куратор-мотиватор” конкурсының жеңімпазы Абай мекеніне туристік жолдама алады немесе саяхат жасайтын болады;
  • 15 мың теңгеге 50 сертификат;
  • 2021-2022 оқу жылына 5% жеңілдік.
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ), Алматы
    20 теңге емес, 20 мың шығар

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі